https://sputnik.kz/20230510/zhanaozende-zhumys-surap-shyqqan-narazylyq-bildirushiler-ustaldy-34745998.html
Жаңаөзенде жұмыс сұрап шыққан наразылық білдірушілер ұсталды
Жаңаөзенде жұмыс сұрап шыққан наразылық білдірушілер ұсталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 10 мамыр - Sputnik. Жаңаөзенде наразылық білдірушілер ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жергілікті Lada.kz. басылымына сілтеме жасап. 10.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-10T19:01+0500
2023-05-10T19:01+0500
2023-05-10T19:01+0500
жаңаөзен
наразылық акциялары
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0a/34743809_283:0:3129:1601_1920x0_80_0_0_c9892fb974fbcfaf15365643efe7ba37.jpg
АЛМАТЫ, 10 мамыр - Sputnik. Жаңаөзенде наразылық білдірушілер ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жергілікті Lada.kz. басылымына сілтеме жасап.Бүгін қала әкімдігі маңында наразылық акциясын өткізу үшін ер адамдар жиналды. Олармен әкімдік пен прокуратура қызметкерлері сөйлесті. Алайда жиналғандар жоспарынан бас тартпады. 17 адам полицияға жеткізілді. Полиция олармен әңгіме жүргізіп, үйлеріне қайтуға рұқсат берген. "Құқық бұзушылармен прокуратура және әкімдік қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ескертуге қарамастан, жиналғандар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабын бұза отырып ("Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу") наразылық акциясын өткізетіндерін мәлімдеді. Полиция қызметкерлері 17 құқық бұзушыны полиция басқармасына жеткізіп, олармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Кейін олар үйге жіберілді", - делінген полиция хабарламасында.3 мамырда Жаңаөзенде жұмыссыз тұрғындар аштық жариялаған болатын. Кейін әкімдік оларға жалақысы 280 мың теңгеге дейін жұмыс ұсынылғанын хабарлады.
https://sputnik.kz/20230503/zhanaozen-akimdigi-zhumyssyzdardyn-ashtyq-zhariyalauyna-qatysty-pikir-bildirdi-34529301.html
жаңаөзен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0a/34743809_643:0:2778:1601_1920x0_80_0_0_353f1099ac23c3708c82d131f2990771.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңаөзен, наразылық акциялары
жаңаөзен, наразылық акциялары
Жаңаөзенде жұмыс сұрап шыққан наразылық білдірушілер ұсталды
АЛМАТЫ, 10 мамыр - Sputnik. Жаңаөзенде наразылық білдірушілер ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жергілікті
Lada.kz. басылымына сілтеме жасап.
Бүгін қала әкімдігі маңында наразылық акциясын өткізу үшін ер адамдар жиналды. Олармен әкімдік пен прокуратура қызметкерлері сөйлесті. Алайда жиналғандар жоспарынан бас тартпады. 17 адам полицияға жеткізілді.
Полиция олармен әңгіме жүргізіп, үйлеріне қайтуға рұқсат берген.
"Құқық бұзушылармен прокуратура және әкімдік қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ескертуге қарамастан, жиналғандар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабын бұза отырып ("Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу") наразылық акциясын өткізетіндерін мәлімдеді. Полиция қызметкерлері 17 құқық бұзушыны полиция басқармасына жеткізіп, олармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Кейін олар үйге жіберілді", - делінген полиция хабарламасында.
3 мамырда Жаңаөзенде жұмыссыз тұрғындар
аштық жариялаған болатын. Кейін әкімдік оларға жалақысы 280 мың теңгеге дейін жұмыс ұсынылғанын хабарлады.