https://sputnik.kz/20230510/astana-almatydan-nege-qashan-zhane-qalay-koshirildi-34766263.html
Астана Алматыдан неге, қашан және қалай көшірілді
Астана Алматыдан неге, қашан және қалай көшірілді
Sputnik Қазақстан
Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін үш жыл өтпей, ел астанасын Ақмолаға ауыстыруға шешім қабылданды. Алайда алматылықтар солтүстікке көшуге асықпады. Кейін... 10.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-10T09:29+0500
2023-05-10T09:29+0500
2023-08-10T10:31+0500
астана
елорда
дерекқор
астана күні
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/19/18754881_0:0:2981:1677_1920x0_80_0_0_9f8197ef388a1b3b1a4e954389697285.jpg
Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін үш жыл өтпей, ел астанасын Ақмолаға ауыстыруға шешім қабылданды. Алайда алматылықтар солтүстікке көшуге асықпады. Кейін араға төрт жыл салып, жер картасында Астана қаласы пайда болды. Бүгінде қала ірі мегаполиске, әлемдік деңгейдегі басқосулардың алаңына айналды. Sputnik Қазақстан тілшісі елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру тарихына шолу ұсынады.Астана – бейбітшілік қаласы1991 жылдың соңында Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады, көп ұзамай астананы оңтүстіктен орталыққа қарай ауыстыру мәселесі көтерілді. Содан 1994 жылы 6 шілде күні Жоғарғы кеңес астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулыны қабылдады. Екі жылдан кейін министрлер кабинеті тиісті шешімін шығарды. Үкімет те өз қаулысын 6 шілдеде қабылдады. Сол жылы президенттің жарлығымен арнайы Ақмола экономикалық аймағы құрылған болатын.1997 жылы 20 қазанда "Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" жарлық шықты. Ал 1998 жылы 6 мамыр күні Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Сол жылы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы – Астана қаласының халықаралық тұсаукесері өтті. Оған алыс-жақын шет елдің басшылары келді. Ал 10 маусым "Астана күні" болып белгіленді.1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына "Бейбітшілік қаласы" жоғары атағы берілді, арнайы медаль да табысталды.Әуелі Астанада Алматы мен Сарыарқа аудандары ғана болған. Ал қала халқы 290 мың адам еді.Астана жоспарын даярлауда әлемнің әйгілі сәулетшілерінің бірі Кисе Курокаваның тұжырымдамасы үздік деп танылды. Содан бері қарқынды құрылыс жұмыстары басталды. Есілдің сол жағалауы қалай салынды2000 жылы үкімет "Астана қаласын дамытудың бас жоспары туралы" қаулыны қабылдады. Сол жылы елорданың жаңа алаңы, Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, бизнес-сервис орталықтары ашылды.Төрт жылдың ішінде Есілдің сол жағалауында әкімішілік ғимараттар көптеп салынды. Президент резиденциясы ашылды. Оны "Ақ Орда" деп атады. 2005 жылдың 1 маусымына дейін сол жағалауда 39 нысан салынды. Олар: президент резиденциясы, парламент мәжілісі, сыртқы істер министрлігі, "Астана-Бәйтерек" монументі, жоғарғы сот, қорғаныс министрлігі, көлік және коммуникациялар министрлігі, ислам мәдени орталығы, "Думан" ойын-сауық орталығы, ұлттық кітапхана, "ҚазМұнайГаз" компаниясының екі нысаны, кардиология орталығы, муниципалдық үйлер кешені, мектеп пен емхана. Бұдан бөлек, сулы-жасыл бульвар, ғашықтар саябағы пайдалануға берілді.2009 жылы Қазақ елі монументі, ал бір жылдан кейін "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығы ашылды. Жалпы осы жылдары Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Ұлттық музей, "Атамекен" Қазақстан картасы этномемориалдық кешені, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры, Әзірет Сұлтан мешіті, Ұлттық мұрағат, Астана-арена, Барыс-арена, "Сарыарқа" велотрегі, "Алау" мұз айдыны сынды бірегей туындылар бой көтерді.Бірақ проблемалық нысандар да жоқ емес. Мәселен, LRT құрылысы әлі аяқталған жоқ. Бұдан бөлек, үлескерлер мәселесі толығымен шешілмеді. Қала күнін неге ауыстырды1998 жылдан бастап 8 жыл бойы Астана күні 10 маусымда, яғни өзінің халықаралық тұсаусекері өткені күні тойланып келді. Бірақ 2016 жылы мейрамды 6 шілдеге ауыстырды. Мемлекеттік мерекелер тізіміне де қосты. Себебі тура сол күні Жоғарғы кеңес пен үкімет астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулыны қабылдаған. Бірақ экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні де 6 шілдеге келіп тұр.Осы сәйкестікті Назарбаевтың өзі бір естелігінде түсіндірген. Оның айтуынша, сол кезде көбісі астананы ауыстыру бастамасын қолдаған жоқ. Ақылға сыймайтын әрекет деп есептедi. Өйткенi елдiң жағдайы ауыр болды. Жалақы, зейнетақы уақытында төленбеді. Астананы көшiру идеясын қолдағанның өзiнде бұл шешiм 40-50 жылда іске асады деп ойлады. Осылайша, депутаттар 6 шілдеде сөз сөйлеген Назарбаевқа туған күніне "сыйлық" жасап, қолдай салды. Ал үш жылдан кейін барлығы пойызбен жаңа астанаға көшiп барды. Астана-Нұр-Сұлтан-АстанаҚазақстан елордасының атауы 25 жылдың ішінде бірнеше рет өзгертілді. Алдымен Ақмоланы Астанаға ауыстырды. "Еуразия жүрегінде" кітабында Назарбаевтың қала атауына қатысты естелігі де бар.Ал 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Астананың атауы "Нұр-Сұлтан"- ға ауыстырылды. Ал 2022 жылы қайтадан Астана атауын қайтарды.Айта кетейік, 60 жыл ішінде Астананың атауы бес рет өзгертілген. Осылайша Қазақстанның астанасы атауын ауыстыру бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді. Астана мегаполиске айналдыОсы уақытқа дейін Астанада көптеген халықаралық шаралар өтті. Соның барлығы қаланың мәртебесін көтеріп қана қоймай, Қазақстанды кеңінен танытты. Астанада өткен ірі шаралар:Қазіргі күні Астанада бес аудан бар - Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа, Нұра. Ал қала халқы 1,4 миллион адамға таяп қалды.
https://sputnik.kz/20220917/elordaga-astana-atauy-qaytaryldy-27669827.html
https://sputnik.kz/20191105/Nazarbaev-Turkistan-astana-11942565.html
https://sputnik.kz/20190320/nazarbayev-astana-ozgertu-9631320.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/19/18754881_252:0:2981:2047_1920x0_80_0_0_aeab2a3224d0623303b2045d034117e3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана алматы ақмола 6 шілде астана күні день столицы 6 июля 1998 жыл нұрсұлтан назарбаев нурсултан назарбаев
астана алматы ақмола 6 шілде астана күні день столицы 6 июля 1998 жыл нұрсұлтан назарбаев нурсултан назарбаев
Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін үш жыл өтпей, ел астанасын Ақмолаға ауыстыруға шешім қабылданды. Алайда алматылықтар солтүстікке көшуге асықпады. Кейін араға төрт жыл салып, жер картасында Астана қаласы пайда болды. Бүгінде қала ірі мегаполиске, әлемдік деңгейдегі басқосулардың алаңына айналды.
Sputnik Қазақстан тілшісі елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру тарихына шолу ұсынады.
Астана – бейбітшілік қаласы
1991 жылдың соңында Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады, көп ұзамай астананы оңтүстіктен орталыққа қарай ауыстыру мәселесі көтерілді. Содан 1994 жылы 6 шілде күні Жоғарғы кеңес астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулыны қабылдады. Екі жылдан кейін министрлер кабинеті тиісті шешімін шығарды. Үкімет те өз қаулысын 6 шілдеде қабылдады. Сол жылы президенттің жарлығымен арнайы Ақмола экономикалық аймағы құрылған болатын.
1997 жылы 20 қазанда "Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" жарлық шықты. Ал 1998 жылы 6 мамыр күні Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Сол жылы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы – Астана қаласының халықаралық тұсаукесері өтті. Оған алыс-жақын шет елдің басшылары келді. Ал 10 маусым "Астана күні" болып белгіленді.
1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына "Бейбітшілік қаласы" жоғары атағы берілді, арнайы медаль да табысталды.
Әуелі Астанада Алматы мен Сарыарқа аудандары ғана болған. Ал қала халқы 290 мың адам еді.
Астана жоспарын даярлауда әлемнің әйгілі сәулетшілерінің бірі Кисе Курокаваның тұжырымдамасы үздік деп танылды. Содан бері қарқынды құрылыс жұмыстары басталды.
Есілдің сол жағалауы қалай салынды
2000 жылы үкімет "Астана қаласын дамытудың бас жоспары туралы" қаулыны қабылдады. Сол жылы елорданың жаңа алаңы, Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, бизнес-сервис орталықтары ашылды.
Төрт жылдың ішінде Есілдің сол жағалауында әкімішілік ғимараттар көптеп салынды. Президент резиденциясы ашылды. Оны "Ақ Орда" деп атады. 2005 жылдың 1 маусымына дейін сол жағалауда 39 нысан салынды. Олар: президент резиденциясы, парламент мәжілісі, сыртқы істер министрлігі, "Астана-Бәйтерек" монументі, жоғарғы сот, қорғаныс министрлігі, көлік және коммуникациялар министрлігі, ислам мәдени орталығы, "Думан" ойын-сауық орталығы, ұлттық кітапхана, "ҚазМұнайГаз" компаниясының екі нысаны, кардиология орталығы, муниципалдық үйлер кешені, мектеп пен емхана. Бұдан бөлек, сулы-жасыл бульвар, ғашықтар саябағы пайдалануға берілді.
2009 жылы Қазақ елі монументі, ал бір жылдан кейін "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығы ашылды. Жалпы осы жылдары Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Ұлттық музей, "Атамекен" Қазақстан картасы этномемориалдық кешені, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры, Әзірет Сұлтан мешіті, Ұлттық мұрағат, Астана-арена, Барыс-арена, "Сарыарқа" велотрегі, "Алау" мұз айдыны сынды бірегей туындылар бой көтерді.
Бірақ проблемалық нысандар да жоқ емес. Мәселен, LRT құрылысы әлі аяқталған жоқ. Бұдан бөлек, үлескерлер мәселесі толығымен шешілмеді.
Қала күнін неге ауыстырды
1998 жылдан бастап 8 жыл бойы Астана күні 10 маусымда, яғни өзінің халықаралық тұсаусекері өткені күні тойланып келді. Бірақ 2016 жылы мейрамды 6 шілдеге ауыстырды. Мемлекеттік мерекелер тізіміне де қосты. Себебі тура сол күні Жоғарғы кеңес пен үкімет астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулыны қабылдаған. Бірақ экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні де 6 шілдеге келіп тұр.
Осы сәйкестікті Назарбаевтың өзі бір естелігінде түсіндірген. Оның айтуынша, сол кезде көбісі астананы ауыстыру бастамасын қолдаған жоқ. Ақылға сыймайтын әрекет деп есептедi. Өйткенi елдiң жағдайы ауыр болды. Жалақы, зейнетақы уақытында төленбеді. Астананы көшiру идеясын қолдағанның өзiнде бұл шешiм 40-50 жылда іске асады деп ойлады. Осылайша, депутаттар 6 шілдеде сөз сөйлеген Назарбаевқа туған күніне "сыйлық" жасап, қолдай салды. Ал үш жылдан кейін барлығы пойызбен жаңа астанаға көшiп барды.
Қазақстан елордасының атауы 25 жылдың ішінде бірнеше рет өзгертілді. Алдымен Ақмоланы Астанаға ауыстырды. "Еуразия жүрегінде" кітабында Назарбаевтың қала атауына қатысты естелігі де бар.
"Шындығына келер болсақ, елорданың атауын өзгерту туралы мен көп ойладым. Бір күні... түнгі сағат екіде Астана деп атасақ қалай болады деген ой келді. Астананың аты Астана. Қазақ тілінде әдемі естіледі. Орыс тілінде де, ағылшын тілінде де солай айтылады. Біздің ортақ көңіл-күйіміз бен елорданы көшірудегі біздің үмітімізді бейнелегендей", - деп жазды экс-президент.
Ал 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Астананың атауы "Нұр-Сұлтан"- ға ауыстырылды. Ал 2022 жылы қайтадан Астана атауын қайтарды.
Айта кетейік, 60 жыл ішінде Астананың атауы бес рет өзгертілген. Осылайша Қазақстанның астанасы атауын ауыстыру бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Астана мегаполиске айналды
Осы уақытқа дейін Астанада көптеген халықаралық шаралар өтті. Соның барлығы қаланың мәртебесін көтеріп қана қоймай, Қазақстанды кеңінен танытты. Астанада өткен ірі шаралар:
Әлемдік дәстүрлі діндер мен дін көшбасшыларының съездері;
Астана экономикалық форумы;
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті;
Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ислам ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммиттері;
IV Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы;
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі.
Қазіргі күні Астанада бес аудан бар - Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа, Нұра. Ал қала халқы 1,4 миллион адамға таяп қалды.