Елордаға Астана атауы қайтарылды

© Sputnik / Владислав ВодневНадпись Астана-Нур-Султан
Надпись Астана-Нур-Султан - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының атауын Астана деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін президенттің "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заңға қол қойғаны хабарланды.
Түзетулердің бірі - президент өкілеттігін жеті жылға дейін созу және тек бір мерзімге ғана сайлау.
Сонымен қатар Конституцияға ел астанасының атауын "Астана" деп өзгерту туралы түзету енгізіледі.
2 қыркүйекте мәжілістегі "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері елордаға Астана атауын қайтару туралы бастама көтерді.
"Бірнеше жыл бұрын елорданың атауын өзгерткеннен бастап қоғамның ішінде пікірталас толастамады. Әлі күнге дейін жүріп жатыр. Халық арасында алуан түрлі пікір бар. Соның көбісі бұрынғы атауын қайтаруға қатысты. Сондықтан депутаттар "халық үніне құлақ асатын мемлекет" ретінде халықтың үніне құлақ асу қажет деген ұсыныспен осы мәселені көтерді. Енді алда қандай шешім болатынын күтейік", - деп түсіндірді бұл бастаманы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
Еске салсақ, 2019 жылы 23 наурызда Астана атауы ресми түрде Нұр-Сұлтан деп өзгертілді. Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін, ел тізгінін қолға алған қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының атын мәңгі сақтау үшін елорда атауын өзгертуді ұсынған болатын. Бұл ұсынысты парламент пен қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдаған еді.
Жаңалықтар
0