Тоқаев пен Путин екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаГлава государства посетил военный парад в ознаменование 78-летия Дня Победы на Красной площади в Москве, а также принял участие в церемонии возложения цветов к могиле Неизвестного солдата
Глава государства посетил военный парад в ознаменование 78-летия Дня Победы на Красной площади в Москве, а также принял участие в церемонии возложения цветов к могиле Неизвестного солдата - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 мамыр - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жасаған жұмыс сапары аясында әріптесі Владимир Путинмен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
"Кездесу барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, өзара құрмет пен екі ел халықтарының мүддесіне негізделген сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстардың маңызды бағыттары бойынша серіктестікті одан әрі дамыту қажеттігі атап өтілді", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
Еске салайық, бүгін мемлекет басшысы Жеңістің 78 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сондай-ақ Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2023
Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
Жаңалықтар
0