Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Бұл – еліміздің тарихында айрықша орны бар мереке. Сондай-ақ бейбітшілік пен бостандық үшін күрескен аға буынның жанқиярлығын, қажымас қайраты мен ерік-жігерін әйгілейтін мейрам. Сұрапылсоғыс жылдарында отандастарымыз қайсарлық пенқаһармандықтың теңдессізүлгісін танытты. Майданға аттанғанжауынгерлеріміздің теңжартысы ұрпақтыңболашағы үшінжанын пидаетті", - депжазылған құттықтауда.
Президент Жеңіске тыл еңбеккерлері де өлшеусіз үлесқосқанын, елбасына күнтуғанда халқымыздың жұдырықтай жұмыла білетінінерен еңбегімендәлелдегенін атапөтті.
"Соғыста опат болған боздақтарымыздың рухына тағзым етіп, ардагерлерімізге лайықты құрмет көрсету – біздің перзенттік борышымыз.Біз бүгінгі бейбіт өміріміз үшін жеңімпаз аға буынға қарыздармыз. Олардың өшпес ерлігі – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Майдангерлеріміз жан аямай қорғаған азаттық, әділдік, теңдік құндылықтары Әділетті Қазақстан үшін де мызғымас темірқазық болып қала береді Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Ардагерлеріміз аман болсын! Жеңіс күні құтты болсын!", - деп түйіндеді Тоқаев.
Жаңалықтар
0