Оқиға

Қарағандыда несие беретін мекемені тонап кетті

© Photo : ҚР ІІМ баспасөз қызметіҚарағандыда несие беретін мекемені тонап кетті
Қарағандыда несие беретін мекемені тонап кетті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2023
Жазылу
Полиция күдіктілерді Астана қаласында ұстады
АЛМАТЫ, 8 мамыр – Sputnik. Қарағандыда екі жігіт микроқаржы ұйымын тонап, Астанаға қашып кеткен.
Оқиға 5 мамыр күні сағат 18:00 шамасында болды. Қарағанды қалалық полиция басқармасына несие беретін ұйымның мамандары шағымданған.
Олардың айтуынша, белгісіз екі азамат шағын микроқаржы ұйымына баса-көктеп кіріп, 30 жастағы менеджер әйелді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 1 млн 29 мың теңгені алып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Ауыр қылмысты ашу үшін жедел-іздестіру тобы құрылды. 7 мамыр күні жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында Астана қаласынан осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 25 жастағы екі адам ұсталды. Айғақ заттар тәркіленді", - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тергеу жүріп жатыр.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2023
Абай облысында зейнеткердің басынан балғамен ұрып, тонап кетті
Жаңалықтар
0