Абай облысында зейнеткердің басынан балғамен ұрып, тонап кетті

CC0 / pixabay.com / Иллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Абай облысында 74 жастағы зейнеткердің басынан балғамен ұрып, тонап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Әуезов полиция бөліміне облыс орталығының 74 жастағы тұрғыны қаланың сол жағалауында өзін тонап кеткені туралы арызданды. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жеткен. Ер адам жәбірленушінің басын балғамен ұрып, оның үш мың теңге көлеміндегі ақшасын, алтын сырғасы мен телефонын иемденіп алған", - дейді ведомство.
Полицейлер күдіктіні "ізін суытпай" қолға түсірген. Ол осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталған 43 жастағы ер адам болып шықты. Жауап алу барысында қаскөй өз кінәсін мойындады.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі "Тонау" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2023
Астанада 75 жастағы әжені тонап кетті – видео
Жаңалықтар
0