Павлодар әкімінің суретін алаяқтар қолданған – облыс басшысы көмек сұрады

© Photo : Рпресс-служба акима Павлодарской области/Валерий БугаевАсаин Байханов
Асаин Байханов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Павлодар облысы әкімінің суреті брокрелік қызмет көрсету жарнамасында заңсыз қолданылған және оның аты-жөні Ерасыл Жақсылықов деп көрсетілген.
Аймақ басшысы осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Соңғы кезде маған менің суретім бейнеленген заңгерлік кеңестер беру туралы жарнаманың скриншоттарын жіберіп жатыр. Әрине, менің аты-жөнім Ерасыл Жақсылықов емес және мен ешқандай тегін заңгерлік кеңес бермеймін", - деп жазды Асайын Байханов өзінің желідегі парақшасында.

Облыс басшысы заңгерлерге осы жарнама туралы мән-жайды анықтауды тапсырғанын жеткізді.
"Инстаграмда осындай жарнамаға тап болған оқырмандарға ол жарияланымға шағымдануды сұраймын. Сіздерге осындай көмек үшін алғыс айтамын", - деп жазды облыс әкімі.
Асайын Байханов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2023
Қазақ тілін мәжбүрлеп оқытуға болмайды – Павлодар облысының әкімі
Жаңалықтар
0