https://sputnik.kz/20230414/qazaq-tilin-mazhburlep-oqytuga-bolmaydy--pavlodar-oblysynyn-akimi-33950112.html
Қазақ тілін мәжбүрлеп оқытуға болмайды – Павлодар облысының әкімі
Қазақ тілін мәжбүрлеп оқытуға болмайды – Павлодар облысының әкімі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Железин ауданы тұрғындарымен кездесуінде ақсақалдарға мемлекеттік тілде оқытуды... 14.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-14T19:55+0500
2023-04-14T19:55+0500
2023-04-14T19:55+0500
қазақ тілі
мемлекеттік тіл
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0e/33948825_378:126:2048:1065_1920x0_80_0_0_451800132abac4c02084289439b17d36.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Железин ауданы тұрғындарымен кездесуінде ақсақалдарға мемлекеттік тілде оқытуды насихаттауға шақырды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.Аймақ басшысының айтуынша, аудандағы мектептерде мемлекеттік тілде білім алатын оқушылар саны 15 пайызға да жетпейді.Облыс әкімі бұған насихаттау жұмысының жоқтығы себеп болып отырғанын айтты. Сондай-ақ Асайын Байханов көп жағдай ата-аналарға байланысты екенін атап өтті."Сондықтан ақсақалдардан мемлекеттік тілді насихаттауды сұраймыз. Бұл жерде мемлекет тарапынан мәжбүрлеуге ешқандай жол берілмеуі керек. Тек әдептілікпен, әдемілікпен насихатталуға тиіс. Сондықтан бірге жұмыла жұмыс істейік. Сіздер де көмектесіңіздер", – деді Асайын Байханов.Осы кездесуде аудандағы Моисеевка мектебі бірнеше жылдан бері апаттық жағдайда тұрғандықтан бұнда 100 орындық мектеп салынатыны айтылды. Оған қоса, Мыңкөл ауылында медициналық пункт бой көтереді.
https://sputnik.kz/20221129/qazaqstan-azamattygyn-algysy-keletinder-qazaq-tili-men-konstitutsiyany-biluge-tiis-29825503.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0e/33948825_582:162:2009:1232_1920x0_80_0_0_35f9cded08e75c6bcf4c73dfe0c964ce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақ тілі, мемлекеттік тіл
қазақ тілі, мемлекеттік тіл
Қазақ тілін мәжбүрлеп оқытуға болмайды – Павлодар облысының әкімі
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Железин ауданы тұрғындарымен кездесуінде ақсақалдарға мемлекеттік тілде оқытуды насихаттауға шақырды, деп хабарлады
Pavlodarnews.kz.
Аймақ басшысының айтуынша, аудандағы мектептерде мемлекеттік тілде білім алатын оқушылар саны 15 пайызға да жетпейді.
"Біз ауылдарды аралап жүргенде мектептерге, шағын орталықтарға барамыз. Кеше Веселая роща ауылына барғанда 157 оқушыдан 20 оқушы ғана мемлекеттік тілде оқиды екен. Ал ауданның халық санына қарасаң, толықтай басқа ұлттар тұрады деп айта алмайсың. Көбіне өзіміздің қарагөздер тұрады", – деді Асайын Байханов.
Облыс әкімі бұған насихаттау жұмысының жоқтығы себеп болып отырғанын айтты. Сондай-ақ Асайын Байханов көп жағдай ата-аналарға байланысты екенін атап өтті.
"Сондықтан ақсақалдардан мемлекеттік тілді насихаттауды сұраймыз. Бұл жерде мемлекет тарапынан мәжбүрлеуге ешқандай жол берілмеуі керек. Тек әдептілікпен, әдемілікпен насихатталуға тиіс. Сондықтан бірге жұмыла жұмыс істейік. Сіздер де көмектесіңіздер", – деді Асайын Байханов.
Осы кездесуде аудандағы Моисеевка мектебі бірнеше жылдан бері апаттық жағдайда тұрғандықтан бұнда 100 орындық мектеп салынатыны айтылды. Оған қоса, Мыңкөл ауылында медициналық пункт бой көтереді.