https://sputnik.kz/20230508/ozbekstan-merziminen-buryn-prezident-saylauy-34666000.html
Өзбекстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді
Өзбекстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді
Sputnik Қазақстан
Өзбекстанның Сайлау кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, мерзімінен бұрын президент сайлауы жарияланғаннан кейін екі ай ішінде, яғни 2023 жылы 9 шілдеде өтуі керек.
2023-05-08T19:37+0500
2023-05-08T19:37+0500
2023-05-08T19:37+0500
саясат
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/07e7/05/08/34663215_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_d8c9e03c4ef7e6b7ff0066d17d972c56.jpg
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Шавкат Мирзиеев мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.Мемлекет басшысына президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау құқығын беретін жаңа конституциялық заңға Мирзиеев ел Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдумнан кейін қол қойды.Елдің негізгі заңына енгізілген түзетулер президенттің өкілеттігін бес жылдан жеті жылға дейін ұзартуды көздейді. Сонымен қатар өзгерістер Мирзиеевке екінші президенттік мерзімнен кейін қайта сайлауға түсуге мүмкіндік береді.Мирзиеевтің айтуынша, Конституцияға енгізілген түзетулер бойынша референдумнан кейінгі алғашқы президенттік сайлау мерзімінен бұрын өтеді.Мирзиеевтің сөйлеген сөзінің видеосы Өзбекстан президентінің телеграм арнасында жарияланды.Қабылданған шешімнің объективтілігі туралы айта отырып, өзбек президенті Конституцияға енгізілген түзетулер биліктің барлық тармағын реформалайтынын және олардың арасындағы қатынастар мен тепе-теңдік өзгеретінін атап өтті.Жаңартылған Конституция, Мирзиеевтің пікірінше, билік тармақтарының әрқайсысына жаңа міндеттер қояды.Өзбекстанның Сайлау кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, мерзімінен бұрын президент сайлауы жарияланғаннан кейін екі ай ішінде, яғни 2023 жылы 9 шілдеде өтуі керек.
https://sputnik.kz/20230501/ozbekstan-konstitutsiyasyna-ozgeris-engizudi-khalyqtyn-9021-qoldady-34447251.html
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/08/34663215_211:0:2942:2048_1920x0_80_0_0_d9aa49379f975c99cc69a304ab7ec35e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан президенті шавкат мирзиеев мерзімінен бұрын президент сайлауы
өзбекстан президенті шавкат мирзиеев мерзімінен бұрын президент сайлауы
Өзбекстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді
Өзбекстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтеді, деп мәлімдеді президент Шавкат Мирзиеев ел Конституциясына енгізілген өзгерістер жөніндегі референдум қорытындысы бойынша үкіметтің кеңейтілген отырысында
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Шавкат Мирзиеев мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау құқығын беретін жаңа конституциялық заңға Мирзиеев ел Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдумнан кейін қол қойды.
Елдің негізгі заңына енгізілген түзетулер президенттің өкілеттігін бес жылдан жеті жылға дейін ұзартуды көздейді. Сонымен қатар өзгерістер Мирзиеевке екінші президенттік мерзімнен кейін қайта сайлауға түсуге мүмкіндік береді.
Мирзиеевтің айтуынша, Конституцияға енгізілген түзетулер бойынша референдумнан кейінгі алғашқы президенттік сайлау мерзімінен бұрын өтеді.
Мирзиеевтің сөйлеген сөзінің видеосы Өзбекстан президентінің телеграм арнасында жарияланды.
Қабылданған шешімнің объективтілігі туралы айта отырып, өзбек президенті Конституцияға енгізілген түзетулер биліктің барлық тармағын реформалайтынын және олардың арасындағы қатынастар мен тепе-теңдік өзгеретінін атап өтті.
Жаңартылған Конституция, Мирзиеевтің пікірінше, билік тармақтарының әрқайсысына жаңа міндеттер қояды.
Өзбекстанның Сайлау кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, мерзімінен бұрын президент сайлауы жарияланғаннан кейін екі ай ішінде, яғни 2023 жылы 9 шілдеде өтуі керек.