https://sputnik.kz/20230501/ozbekstan-konstitutsiyasyna-ozgeris-engizudi-khalyqtyn-9021-qoldady-34447251.html
Өзбекстан Конституциясына өзгеріс енгізуді халықтың 90,21%-і қолдады
Өзбекстан Конституциясына өзгеріс енгізуді халықтың 90,21%-і қолдады
Sputnik Қазақстан
Өзбекстан Орталық сайлау комитетінің басшысы ел Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумды қорытындылады 01.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-01T16:43+0500
2023-05-01T16:43+0500
2023-05-01T17:22+0500
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/1144/48/11444802_0:159:3076:1889_1920x0_80_0_0_c0e232db23f3b8c8e790355436cbcb18.jpg
АСТАНА, 1 мамыр – Spuntnik. Өзбекстанның ОСК басшысы Зайниддин Низамходжаевтың айтуынша, басты заңның жаңа редакциясын 90,21% халық қолдады.Бұл туралы республиканың орталық сайлау комиссиясының төрағасы дүйсенбідегі референдум қорытындысы бойынша өткен брифингте хабарлады.Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясы бұған дейін сайлаушылардың 84,54%-і дауыс беруге келгенін айтқан болатын.Өзбек ОСК басшысының мәліметінше, учаскелерге келгендердің 9,35%-ы конституциялық заң жобасына қарсылық білдірген, бюллетеньдердің 0,49%-ы жарамсыз деп танылды.Өзбекстандағы Конституция 1992 жылы қабылданды, содан бері республиканың басты заңына 15 рет өзгерту енгізілді.Өзбекстан Конституциясы 65%-ға жаңартылып, 27 жаңа бап енгізіліп, олардың жалпы саны 155-ке жетті.Заңға енгізілген өзгертулер президенттің өкілеттік мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін ұлғайтуды көздейді, қазіргі президент Шавкат Мирзиеевке қатарынан екі рет президенттік мерзімнен кейін осы лауазымға тағы бір рет сайлануға мүмкіндік береді.Басқа өзгерістердің қатарында сенаторлар санын 45%-ға қысқарту, парламенттің төменгі палатасының бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерін бекіту, өлім жазасына тыйым салу, ел азаматын шет мемлекетке беруге тыйым салу бар.Сонымен қатар Өзбекстанның негізгі заңында азаматтық қоғам институттары және олардың қызметінің кепілдіктері туралы тарау пайда болады.Өзбекстанда Референдум 30 сәуірде өтті.
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1144/48/11444802_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_8e5368bf01647751d98a243aa1311281.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан
Өзбекстан Конституциясына өзгеріс енгізуді халықтың 90,21%-і қолдады
16:43 01.05.2023 (жаңартылды: 17:22 01.05.2023) Өзбекстан Орталық сайлау комитетінің басшысы ел Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумды қорытындылады
АСТАНА, 1 мамыр – Spuntnik. Өзбекстанның ОСК басшысы Зайниддин Низамходжаевтың айтуынша, басты заңның жаңа редакциясын 90,21% халық қолдады.
Бұл туралы республиканың орталық сайлау комиссиясының төрағасы дүйсенбідегі референдум қорытындысы бойынша өткен брифингте хабарлады.
Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясы бұған дейін сайлаушылардың 84,54%-і дауыс беруге келгенін айтқан болатын.
"Референдумға шығарылған мәселені қолдап 15 040 056 адам дауыс берді, бұл дауыс беруге қатысқандардың 90,21% құрады", - деді Низамходжаев брифингте.
Өзбек ОСК басшысының мәліметінше, учаскелерге келгендердің 9,35%-ы конституциялық заң жобасына қарсылық білдірген, бюллетеньдердің 0,49%-ы жарамсыз деп танылды.
Өзбекстандағы Конституция 1992 жылы қабылданды, содан бері республиканың басты заңына 15 рет өзгерту енгізілді.
Өзбекстан Конституциясы 65%-ға жаңартылып, 27 жаңа бап енгізіліп, олардың жалпы саны 155-ке жетті.
Заңға енгізілген өзгертулер президенттің өкілеттік мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін ұлғайтуды көздейді, қазіргі президент Шавкат Мирзиеевке қатарынан екі рет президенттік мерзімнен кейін осы лауазымға тағы бір рет сайлануға мүмкіндік береді.
Басқа өзгерістердің қатарында сенаторлар санын 45%-ға қысқарту, парламенттің төменгі палатасының бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерін бекіту, өлім жазасына тыйым салу, ел азаматын шет мемлекетке беруге тыйым салу бар.
Сонымен қатар Өзбекстанның негізгі заңында азаматтық қоғам институттары және олардың қызметінің кепілдіктері туралы тарау пайда болады.
Өзбекстанда Референдум 30 сәуірде өтті.