https://sputnik.kz/20230508/gruziya-qazaqstannyn-qurmetti-konsuldygy-ashyldy-34669670.html
Грузияның ең көне қалаларының бірінде Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды
Грузияның ең көне қалаларының бірінде Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды
АЛМАТЫ, 8 мамыр – Sputnik. Грузияның Шида Картли тарихи-географиялық өлкесін қамтитын ең көне қалалардың бірі Гориде Қазақстанның Құрметті консулдығының... 08.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-08T19:32+0600
2023-05-08T19:32+0600
2023-05-08T19:32+0600
саясат
грузия
құрметті консулдық
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/05/08/34669767_115:0:1166:591_1920x0_80_0_0_d31d463104ddf8d74e2601074e87c21e.jpg
АЛМАТЫ, 8 мамыр – Sputnik. Грузияның Шида Картли тарихи-географиялық өлкесін қамтитын ең көне қалалардың бірі Гориде Қазақстанның Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.Қазақстан елшісі Мәлік Мырзалин бұл екі ел қатынастарының жоғары деңгейінің және оларды нығайту бағытының кезекті дәлелі екенін айтты."Құрметті консулға, ең алдымен, іскерлік, мәдени-гуманитарлық, спорттық және туристік байланыстарды дамытуда маңызды рөл беріледі. Бұл ретте, әрине, қазақстандық азаматтарға көмек көрсетуге және олардың Грузиядағы мүдделерін қорғауға, түрлі бірлескен іс-шараларды өткізуге айрықша көңіл бөлінуге тиіс", – деді елші.Шида Картли аймағының губернаторы Михаил Шакулашвили өз аймағының астанасы – Гори қаласында Құрметті консулдық ашу туралы шешім қабылдағаны үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірді. Ол аталған мекеме екі мемлекеттің өңірлері мен қалалары арасындағы экономикалық ынтымақтастықты, инвестицияларды кеңейтуге, туризмді және ғылыми-мәдени алмасуды дамытуға ықпал ететінін мәлімдеді.Горидегі Құрметті консул лауазымына ұзақ уақыт Қарағанды қаласында тұрған белгілі грузин кәсіпкері Иракли Какаладзе тағайындалды.Айта кетері, бұл Қазақстанның Грузиядағы төртінші құрметті консулдығы.
https://sputnik.kz/20220718/grenobl-qazaqstannyn-qurmetti-konsuldygy-26192202.html
грузия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/08/34669767_246:0:1034:591_1920x0_80_0_0_6d9fe317b36a5867246480ee729427d6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
грузия, құрметті консулдық
грузия, құрметті консулдық
АЛМАТЫ, 8 мамыр – Sputnik. Грузияның Шида Картли тарихи-географиялық өлкесін қамтитын ең көне қалалардың бірі Гориде Қазақстанның Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
Қазақстан елшісі Мәлік Мырзалин бұл екі ел қатынастарының жоғары деңгейінің және оларды нығайту бағытының кезекті дәлелі екенін айтты.
"Құрметті консулға, ең алдымен, іскерлік, мәдени-гуманитарлық, спорттық және туристік байланыстарды дамытуда маңызды рөл беріледі. Бұл ретте, әрине, қазақстандық азаматтарға көмек көрсетуге және олардың Грузиядағы мүдделерін қорғауға, түрлі бірлескен іс-шараларды өткізуге айрықша көңіл бөлінуге тиіс", – деді елші.
Шида Картли аймағының губернаторы Михаил Шакулашвили өз аймағының астанасы – Гори қаласында Құрметті консулдық ашу туралы шешім қабылдағаны үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірді. Ол аталған мекеме екі мемлекеттің өңірлері мен қалалары арасындағы экономикалық ынтымақтастықты, инвестицияларды кеңейтуге, туризмді және ғылыми-мәдени алмасуды дамытуға ықпал ететінін мәлімдеді.
Горидегі Құрметті консул лауазымына ұзақ уақыт Қарағанды қаласында тұрған белгілі грузин кәсіпкері Иракли Какаладзе тағайындалды.
Айта кетері, бұл Қазақстанның Грузиядағы төртінші құрметті консулдығы.