https://sputnik.kz/20220718/grenobl-qazaqstannyn-qurmetti-konsuldygy-26192202.html
Гренобльде Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды
Гренобльде Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды
Sputnik Қазақстан
Алдағы уақытта өңірдегі университеттерде қазақстандық студенттердің санын арттыруға, мәдени-спорттық алмасуларға да басымдық беріледі 18.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-18T15:58+0500
2022-07-18T15:58+0500
2022-07-18T16:01+0500
қазақстан
құрметті консулдық
франция
https://sputnik.kz/img/07e6/07/12/26190790_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_d40872ec1f94d3820fdb5bf50069e491.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Францияның Оверн-Рон-Альпі өңірінде Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. Құрметті консул қызметіне "Louis Vicat" қорының басшысы Софи Сидос тағайындалды. Ол жергілікті кәсіпкерлер қауымдастығына да жетекшілік етеді. Айта кетері, құрметті консулдықты басқаратын адам сол елдің мемлекеттік қызметінде тұрмайды, штаттан тыс жұмыс істейді. Мемлекеттің тапсырмасы бойынша визалар мен өзге де ресми құжаттарды беруді қоспағанда азаматтардың құқықтары мен мүдделерін ақысыз қорғайды. Консулдықтың ресми ашылу салтанатына Гренобльде тұратын қазақстандықтар да келді. Ал Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев екі елдің стратегиялық серіктестігін тереңдету үшін өңірлердің орасан зор әлеуетінің бар екенін атап өтті. Оверн-Рон-Альпі өңірінің компаниялары Қазақстанмен цемент, титан құймалары, күн батареяларына арналған фотоэлементтер және тағы басқа салалар бойынша бұрыннан бері жұмыс істеп келеді. Бұдан бөлек, сирек кездесетін жер элементтерін әзірлеу, "жасыл" сутегі өндірісі және тау туризмін дамыту жағынан ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік бар. "Софи Сидостың тағайындалуы Франциядағы құрметті консулдықтардың басында әйелдердің рөлін арттырады", - деді Ғалиев. Өз кезегінде Софи Сидос Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің басшылығына сенім білдіргені үшін алғысын білдірді. Ол басқаратын "Louis Vicat" қоры Қазақстанның Франциядағы елшілігінің мәдени іс-шараларын өткізуге үнемі жәрдемдесіп отырады. "MEDEF Isère" кәсіпкерлер қауымдастығының жергілікті бөлімшесін басқаратын Сидос өңірдегі компаниялардың Қазақстанмен байланысын нығайтуға ниетті. Алдағы уақытта өңірдегі университеттерде қазақстандық студенттердің санын арттыруға, мәдени-спорттық алмасуларға да басымдық беріледі.
қазақстан
франция
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/12/26190790_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_ecb7ad145628ca9e142ef50d4e92dd6f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, құрметті консулдық, франция
қазақстан, құрметті консулдық, франция
Гренобльде Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды
15:58 18.07.2022 (жаңартылды: 16:01 18.07.2022) Алдағы уақытта өңірдегі университеттерде қазақстандық студенттердің санын арттыруға, мәдени-спорттық алмасуларға да басымдық беріледі
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Францияның Оверн-Рон-Альпі өңірінде Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Құрметті консул қызметіне "Louis Vicat" қорының басшысы Софи Сидос тағайындалды. Ол жергілікті кәсіпкерлер қауымдастығына да жетекшілік етеді.
Айта кетері, құрметті консулдықты басқаратын адам сол елдің мемлекеттік қызметінде тұрмайды, штаттан тыс жұмыс істейді. Мемлекеттің тапсырмасы бойынша визалар мен өзге де ресми құжаттарды беруді қоспағанда азаматтардың құқықтары мен мүдделерін ақысыз қорғайды.
Консулдықтың ресми ашылу салтанатына Гренобльде тұратын қазақстандықтар да келді. Ал Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев екі елдің стратегиялық серіктестігін тереңдету үшін өңірлердің орасан зор әлеуетінің бар екенін атап өтті.
Оверн-Рон-Альпі өңірінің компаниялары Қазақстанмен цемент, титан құймалары, күн батареяларына арналған фотоэлементтер және тағы басқа салалар бойынша бұрыннан бері жұмыс істеп келеді.
Бұдан бөлек, сирек кездесетін жер элементтерін әзірлеу, "жасыл" сутегі өндірісі және тау туризмін дамыту жағынан ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік бар.
"Софи Сидостың тағайындалуы Франциядағы құрметті консулдықтардың басында әйелдердің рөлін арттырады", - деді Ғалиев.
Өз кезегінде Софи Сидос Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің басшылығына сенім білдіргені үшін алғысын білдірді. Ол басқаратын "Louis Vicat" қоры Қазақстанның Франциядағы елшілігінің мәдени іс-шараларын өткізуге үнемі жәрдемдесіп отырады. "MEDEF Isère" кәсіпкерлер қауымдастығының жергілікті бөлімшесін басқаратын Сидос өңірдегі компаниялардың Қазақстанмен байланысын нығайтуға ниетті.
Алдағы уақытта өңірдегі университеттерде қазақстандық студенттердің санын арттыруға, мәдени-спорттық алмасуларға да басымдық беріледі.