Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоОтан қорғаушы күні
Отан қорғаушы күні - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандыөтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады.
"Бұл – тек әскери қызметшілер үшін ғана емес, баршамызға ортақ қастерлі мереке. Елін қорғау – әрбір азаматтың перзенттік парызы. Туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі", - деді президент.
Ол мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттыру – негізгі стратегиялық мақсатымыздың бірі екенін атап өтті.
"Қазақстан армиясы кез келген жағдайда мемлекетімізді қорғауға дайын болуы керек. Қарулы Күштеріміз еліміздің егемендігі мен тұтастығының және халқымыздың мызғымас бірлігі мен жарқын болашағының кепілі болып қала береді. Бүгінде жауынгерлеріміз батыр бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып, ел тыныштығын қырағылықпен күзетіп тұр", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, олардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы қалтқысыз қызметі – өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге.
"Өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқарып, антына адалдық танытып жүрген барлық сарбаздарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Армиямыздың айбыны асқақтай берсін! Еліміздің іргесі әрдайым берік болсын! Әскери қызметшілерге, ардагерлерге және барша отандастарымызға зор денсаулық, қажымас қайрат пен бақ-береке тілеймін!" - деп аяқтады құттықтауын мемлекет басшысы.
Всеармейское совещание под председательством Главы государства - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2023
Тоқаев әскери техника мен қару-жарақтың көлемін арттыруды тапсырды
Жаңалықтар
0