Тоқаев әскери техника мен қару-жарақтың көлемін арттыруды тапсырды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаВсеармейское совещание под председательством Главы государства
Всеармейское совещание под председательством Главы государства - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 мамыр - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев армияда заманауи қару-жарақ пен техниканың үлесін арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Астанада өткен бүкілармиялық кеңесте Жоғарғы бас қолбасшы армияны технологиялық тұрғыда жаңғырту шараларын жалғастыруға тапсырма берді.
“Заманауи қару-жарақ пен техниканың үлесін, әсіресе, жоғары дәлдігі бар құралдар, ұшқышсыз аппараттар мен роботтандырылған кешендердің санын арттыру қажет. Ал әскердің ұтқырлығын көтеру үшін әскери-көлік авиация мен жауангерлік машиналар паркін көбейту керек”, - деді Тоқаев.
Сондай-ақ президент озық ақпараттық технологияларды енгізу қажеттігін ерекше атап өтті. Барлық шешім жылдам қабылдануы шарт. Ал әскерлерді даярлау жүйесін барынша жетілдіру керек. Әсіресе, кіші және орта деңгейдегі әскери қызметшілердің дайындығына баса мән берген жөн. Сарбаздар мен офицерлер өздігімен шешім қабылдай білуі тиіс және сол шешім үшін қорқықпауы қажет.
“Сарбаздарымыз қайсар, батыл, сондай-ақ білімді болуы шарт. Жауынгерлердің бойына отаншылдық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіруіміз керек. Олар нағыз азамат деген атқа лайық болуы қажет. Бір сөзбен айтсақ, армия – бұл рухани тәрбие орталығы. Біз қатігездік, әлімжеттік сияқты қоғамға қауіпті үрдістерге жол бермеуіміз керек”, - деп атап көрсетті Тоқаев.
Жаңалықтар
0