https://sputnik.kz/20230507/sqo-da-politsey-ustaldy---oqiganyn-man-zhayy-34642252.html
СҚО-да полицей ұсталды - оқиғаның мән-жайы
СҚО-да полицей ұсталды - оқиғаның мән-жайы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында достарымен жабайы қаздарды атуға шыққан полицей ұсталды, деп хабарлайды экология министрлігі. 07.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-07T11:35+0500
2023-05-07T11:35+0500
2023-08-09T12:49+0500
мылтық
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында достарымен жабайы қаздарды атуға шыққан полицей ұсталды, деп хабарлайды экология министрлігі. Ресми мәліметке сәйкес, 6 мамырда Қиялы ауылдық округінің Барыкөл ауылының маңындағы Шағалалытеңіз көлінің жағасында жабайы құстарды заңсыз аулаған Петропавл қаласының 4 тұрғыны ұсталды. Олардың ішінде полиция қызметкері де болды. 31 жабайы қазды атқаннан мемлекетке келген залалдың көлемі 800 000 теңгені құрады. Қылмыстық кодекстің 337-бабы 3-бөлігі ("Заңсыз аңшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кетері, осы қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 5 000 АЕК-ке (17 250 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл салу қарастырылған. Сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. Бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.
https://sputnik.kz/20230327/almatylyq-politsey-kampitke-qaqalyp-qalgan-qyzdy-qalay-qutqarganyn-aytyp-berdi-33275173.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мылтық, солтүстік қазақстан облысы
мылтық, солтүстік қазақстан облысы
СҚО-да полицей ұсталды - оқиғаның мән-жайы
11:35 07.05.2023 (жаңартылды: 12:49 09.08.2023) АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында достарымен жабайы қаздарды атуға шыққан полицей ұсталды, деп хабарлайды экология министрлігі.
Ресми мәліметке сәйкес, 6 мамырда Қиялы ауылдық округінің Барыкөл ауылының маңындағы Шағалалытеңіз көлінің жағасында жабайы құстарды заңсыз аулаған Петропавл қаласының 4 тұрғыны ұсталды. Олардың ішінде полиция қызметкері де болды.
"Олардан жабайы қаздардың 31 ұшасы, 2 бірлік моторлы қайық, 3 бірлік 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді", - делінген ресми хабарламада.
31 жабайы қазды атқаннан мемлекетке келген залалдың көлемі 800 000 теңгені құрады. Қылмыстық кодекстің 337-бабы 3-бөлігі ("Заңсыз аңшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 5 000 АЕК-ке (17 250 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл салу қарастырылған. Сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін.
Бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.