https://sputnik.kz/20230327/almatylyq-politsey-kampitke-qaqalyp-qalgan-qyzdy-qalay-qutqarganyn-aytyp-berdi-33275173.html
Алматылық полицей кәмпитке қақалып қалған қызды қалай құтқарғанын айтып берді
Алматылық полицей кәмпитке қақалып қалған қызды қалай құтқарғанын айтып берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Алматының учаскелік инспекторы кәмпитке қақалып қалған кішкентай қыздың өмірін қалай құтқарғанын айтып берді, деп хабарлады... 27.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-27T08:39+0500
2023-03-27T08:39+0500
2023-03-27T08:39+0500
полицей
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ecc72c5faf4e46c13d9f68b7c382ad4.jpg
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Алматының учаскелік инспекторы кәмпитке қақалып қалған кішкентай қыздың өмірін қалай құтқарғанын айтып берді, деп хабарлады Polisia.kz.Алмалы аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Бақдәулет Мамыр өткен мереке күндері қайғылы оқиға бола жаздағанын айтып берді. Ол күні бойы қаланың қоғамдық орындарында тәртіпті қамтамасыз етіп, кешкісін үйіне қайтып бара жатқан."Рысқұлов пен Момышұлы көшелерінің қиылысында әйел адамның айғайлаған дауысын естідім. Тоқтадым, жүгіріп бардым, әйелдің баласын құтқармақ болып жатқанын көрдім. Ол кішкентай қыздың кәмпитке қақалып қалғанын айтты. Мен өте жылдам әрекет еттім, автоматты түрде: баланың басын төмен қаратып көтердім, арқасынан бірнеше рет ұрдым, кәмпит аузынан ұшып кетті. Барлығы өте тез болды. Мен қыздың атын да сұрамадым, өзімді де таныстырмаппын. Баланың аман қалғанына бәріміз қуандық. Бұл менің полиция қызметкері ретіндегі борышым", – деді Мамыр.Учаскелік инспектор бұл жағдайдың соңы қайғылы болуы да мүмкін еді дейді. Полицей сәбидің өмірін аман алып қалғанына шүкіршілік ететінін жасырмады.Бақдәулет Мамыровтың ұлы өсіп келеді. Қазір ол бір жаста. Өтіп бара жатқан адам түсірген видеоны мына жерден көруге болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_fcd5e5f858499da4164200942a14ce30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полицей
Алматылық полицей кәмпитке қақалып қалған қызды қалай құтқарғанын айтып берді
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Алматының учаскелік инспекторы кәмпитке қақалып қалған кішкентай қыздың өмірін қалай құтқарғанын айтып берді, деп хабарлады
Polisia.kz. Алмалы аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Бақдәулет Мамыр өткен мереке күндері қайғылы оқиға бола жаздағанын айтып берді. Ол күні бойы қаланың қоғамдық орындарында тәртіпті қамтамасыз етіп, кешкісін үйіне қайтып бара жатқан.
"Рысқұлов пен Момышұлы көшелерінің қиылысында әйел адамның айғайлаған дауысын естідім. Тоқтадым, жүгіріп бардым, әйелдің баласын құтқармақ болып жатқанын көрдім. Ол кішкентай қыздың кәмпитке қақалып қалғанын айтты. Мен өте жылдам әрекет еттім, автоматты түрде: баланың басын төмен қаратып көтердім, арқасынан бірнеше рет ұрдым, кәмпит аузынан ұшып кетті. Барлығы өте тез болды. Мен қыздың атын да сұрамадым, өзімді де таныстырмаппын. Баланың аман қалғанына бәріміз қуандық. Бұл менің полиция қызметкері ретіндегі борышым", – деді Мамыр.
Учаскелік инспектор бұл жағдайдың соңы қайғылы болуы да мүмкін еді дейді. Полицей сәбидің өмірін аман алып қалғанына шүкіршілік ететінін жасырмады.
Бақдәулет Мамыровтың ұлы өсіп келеді. Қазір ол бір жаста. Өтіп бара жатқан адам түсірген видеоны
мына жерден көруге болады.