https://sputnik.kz/20230502/zhyldyq-inflyatsiya-168-ga-deyin-tomendedi-34470711.html
Жылдық инфляция 16,8%-ға дейін төмендеді
Жылдық инфляция 16,8%-ға дейін төмендеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Сәуірде Қазақстанда жылдық инфляция бір ай бұрынғы 18,1%-дан 16,8%-ға дейін төмендеді. 02.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-02T21:53+0500
2023-05-02T21:53+0500
2023-08-10T17:15+0500
инфляция
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/1307/52/13075200_0:0:2049:1153_1920x0_80_0_0_d7d0ebbb0d7722ff9ab58146b75ebb92.jpg
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Сәуірде Қазақстанда жылдық инфляция бір ай бұрынғы 18,1%-дан 16,8%-ға дейін төмендеді.Сәуірде тұтыну бағаларының индексі айлық мәнде 0,9% болып, көрсеткіш наурыз деңгейінде сақталды.Индекс құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 1,3%-ға, азық-түлік тауарлары – 0,9%-ға, ақылы қызметтер – 0,4%-ға өсті.Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде сәуірде бағаның ең жоғары өсімі дизель отынына – 16,1%, бензинге – 9,7% болды. Наурыз айымен салыстырғанда жуу және тазалау құралдары 1,4%, жеке гигиена құралдары 1,1%, ыдыс-аяқ 1%, тұрмыстық техника 0,9% өсті.Азық-түлік тауарлары арасында жеміс пен көкөніс бағасы едәуір өскен, сәуірде қырыққабат 4,7%, қызанақ 4,1%, жүзім 3%, алма 2,6%, алмұрт 2,4% қымбаттаған.Күріш – 2,7%, салқындатылған сусындар – 2,5%, рожкилер, ультрапастерленген сүт – әрқайсысы 2,4%, салқындатылған балық – 2,2%, пастерленген сүт, макарон өнімдері – әрқайсысы 2,1% өсті. Бұл ретте қияр – 11,4%, қарақұмық жармасы – 3,7%, күнбағыс майы 2,6%-ға арзандады.Қызмет көрсету саласында ұшу қызметі 17,7% қымбаттады. Бағаның жоғарылауы шаштараз бен сұлулық салондарында – 1,5%, жерлеуге байланысты салт-жора жасау қызметтерінде – 1% тіркелді. Санаторий қызметтері – 1,1%, денсаулық сақтау қызметтері 0,9% қымбаттаған.Жылдық мәнде азық-түлік тауарларының бағасы 17,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 18,2%, ақылы қызметтер 13,7% өсті.2022 жылғы сәуірмен салыстырғанда кеңсе тауарлары – 68,5%, кір сабын – 59,3%, шақпақ қант – 51,7%, ыдысты жууға арналған құралдар – 51,6%, қияр – 50,9%, балалар сабыны – 49,6%, күріш – 43,9%, кір жуу ұнтағы – 43%, дәретхана қағазы 42,7%-ға қымбаттады. Жылдық мәнде, керісінше, қырыққабат – 53,4%, сәбіз 19,2% арзандады.
https://sputnik.kz/20230419/toqaev-kreditke-zhan-bagyp-otyrgandar-zhayly-saldary-ote-auyr-boluy-mumkin-34075410.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1307/52/13075200_0:0:1821:1366_1920x0_80_0_0_05397fde7889cbbfa5913545853912e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инфляция азық-түлік
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Сәуірде Қазақстанда жылдық инфляция бір ай бұрынғы 18,1%-дан 16,8%-ға дейін төмендеді.
"Жылдық мәнде инфляция деңгейі қатарынан екінші ай баяулап келеді: 2023 жылғы сәуірде – 16,8%, 2023 жылғы наурызда – 18,1%, 2023 жылғы ақпанда – 21,3%", - деп жазылған хабарламада.
Сәуірде тұтыну бағаларының индексі айлық мәнде 0,9% болып, көрсеткіш наурыз деңгейінде сақталды.
Индекс құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 1,3%-ға, азық-түлік тауарлары – 0,9%-ға, ақылы қызметтер – 0,4%-ға өсті.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде сәуірде бағаның ең жоғары өсімі дизель отынына – 16,1%, бензинге – 9,7% болды. Наурыз айымен салыстырғанда жуу және тазалау құралдары 1,4%, жеке гигиена құралдары 1,1%, ыдыс-аяқ 1%, тұрмыстық техника 0,9% өсті.
Азық-түлік тауарлары арасында жеміс пен көкөніс бағасы едәуір өскен, сәуірде қырыққабат 4,7%, қызанақ 4,1%, жүзім 3%, алма 2,6%, алмұрт 2,4% қымбаттаған.
Күріш – 2,7%, салқындатылған сусындар – 2,5%, рожкилер, ультрапастерленген сүт – әрқайсысы 2,4%, салқындатылған балық – 2,2%, пастерленген сүт, макарон өнімдері – әрқайсысы 2,1% өсті. Бұл ретте қияр – 11,4%, қарақұмық жармасы – 3,7%, күнбағыс майы 2,6%-ға арзандады.
Қызмет көрсету саласында ұшу қызметі 17,7% қымбаттады. Бағаның жоғарылауы шаштараз бен сұлулық салондарында – 1,5%, жерлеуге байланысты салт-жора жасау қызметтерінде – 1% тіркелді. Санаторий қызметтері – 1,1%, денсаулық сақтау қызметтері 0,9% қымбаттаған.
Жылдық мәнде азық-түлік тауарларының бағасы 17,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 18,2%, ақылы қызметтер 13,7% өсті.
2022 жылғы сәуірмен салыстырғанда кеңсе тауарлары – 68,5%, кір сабын – 59,3%, шақпақ қант – 51,7%, ыдысты жууға арналған құралдар – 51,6%, қияр – 50,9%, балалар сабыны – 49,6%, күріш – 43,9%, кір жуу ұнтағы – 43%, дәретхана қағазы 42,7%-ға қымбаттады. Жылдық мәнде, керісінше, қырыққабат – 53,4%, сәбіз 19,2% арзандады.