Өңірлер

Атырауда гала-концертте 172 бала жоғалып кетті

CC0 / / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Атырауда 16 мың тұрғын жиналған концертте 172 бала жоғалып кетті, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Эстрада жұлдыздарының гала-концерті 28 сәуір күні өткен.
Сағат 19:00 мен 00:00 аралығында алаңда жұмылдырылған полицейлерге бала жоғалды деген дерекпен 170-тен астам шағым келіп түскен. Оның ішінде 125-і – 14 жастан 18 жасқа дейінгілер, ал 47-сі – 1,5 жастан 14 жасқа дейінгі балалар.
Барлық бала табылып, аман-есен ата-аналарына табысталды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2023
Елорда тынысы
Астанада кітап дүкеніне шығып, жоғалып кеткен бала табылды
Жаңалықтар
0