https://sputnik.kz/20230428/astanada-kitap-dukenine-shygyp-zhogalyp-ketken-bala-tabyldy-34374185.html
Астанада кітап дүкеніне шығып, жоғалып кеткен бала табылды
Астанада кітап дүкеніне шығып, жоғалып кеткен бала табылды
Sputnik Қазақстан
Кәмелетке толмаған баланы іздеп табуға прокуратура қызметкері көмектескен
2023-04-28T09:13+0500
2023-04-28T09:13+0500
2023-04-28T09:13+0500
елорда тынысы
бала
https://sputnik.kz/img/645/32/6453238_0:37:1921:1117_1920x0_80_0_0_934bd633a34456f4cbf3af4c79ea9530.jpg
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Елордада жоғалып кеткен бала табылды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.Биыл сәуір айының басында кәмелетке толмаған бала үйінен кітап дүкеніне шығып, сол күйі қайтып оралмаған."LIDER.KZ" волонтерлері баланы 2 тәуліктен артық уақыт іздеген. Алайда одан еш нәтиже шықпаған. Бала жоғалғаны туралы хабарламаға бей-жай қарай алмаған Құқық қорғау органдары академиясының магистранты Жан Мұрат та досымен бірге көмекке шыққан.Прокуратура қызметкері екі сағат бойы сол жағалаудағы қоғамдық тамақтану орындарын, компьютер клубтарын, мешіттер, қараусыз қалған ғимараттарды, қоқыс жәшіктерін, арықтарды аралаған. Бірақ бала табылмады. Осыдан кейін ол қаланың сол жағалауына барып, іздеу жұмыстарын жалғастырған."Түнгі сағат 04:40 шамасында Достық көшесімен келе жатқанда, ол сипаттамаға сәйкес келетін балаға көзі түседі. Барлық жағдайды нақтылағаннан кейін, бұл жоғалған бала екені белгілі болды", - деп хабарлайды бас прокуратура.Прокуратура қызметкері баланы полицияға тапсырған.
https://sputnik.kz/20230419/pavlodar-oblysynda-zhogalgan-maldy-izdeuge-shyqqan-ayeldin-mayiti-tabyldy-34119510.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/645/32/6453238_190:0:1729:1154_1920x0_80_0_0_b1c208ed10e2d9d2142b58e4b06ef6f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана жоғалған бала прокуратура
астана жоғалған бала прокуратура
Астанада кітап дүкеніне шығып, жоғалып кеткен бала табылды
Кәмелетке толмаған баланы іздеп табуға прокуратура қызметкері көмектескен
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Елордада жоғалып кеткен бала табылды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Биыл сәуір айының басында кәмелетке толмаған бала үйінен кітап дүкеніне шығып, сол күйі қайтып оралмаған.
"LIDER.KZ" волонтерлері баланы 2 тәуліктен артық уақыт іздеген. Алайда одан еш нәтиже шықпаған. Бала жоғалғаны туралы хабарламаға бей-жай қарай алмаған Құқық қорғау органдары академиясының магистранты Жан Мұрат та досымен бірге көмекке шыққан.
Прокуратура қызметкері екі сағат бойы сол жағалаудағы қоғамдық тамақтану орындарын, компьютер клубтарын, мешіттер, қараусыз қалған ғимараттарды, қоқыс жәшіктерін, арықтарды аралаған. Бірақ бала табылмады. Осыдан кейін ол қаланың сол жағалауына барып, іздеу жұмыстарын жалғастырған.
"Түнгі сағат 04:40 шамасында Достық көшесімен келе жатқанда, ол сипаттамаға сәйкес келетін балаға көзі түседі. Барлық жағдайды нақтылағаннан кейін, бұл жоғалған бала екені белгілі болды", - деп хабарлайды бас прокуратура.
Прокуратура қызметкері баланы полицияға тапсырған.