Павлодар облысында жоғалған малды іздеуге шыққан әйелдің мәйіті табылды

© Sputnik / Юрий Кавер / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Павлодар облысында 16 сәуірде жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлады Polisia.kz.
"Тұрсын" шаруа қожалығының маңында хабар-ошарсыз кеткен Екібастұз қаласының 34 жастағы тұрғынының денесі қардан табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 16 сәуірінде Бесқауға ауылының тұрғындары ВАЗ-2104 автокөлігімен дала алқабына жоғалып кеткен ірі қара малды іздеуге шыққан. Сағат 19.00 шамасында ер адам көлікке оралып, әйелін күткен. Әйелі оралмаған соң, ер адам полициядан көмек сұраған.
Рыбаки на льдине. Фото с места события - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2022
Өңірлер
Атырау облысында жоғалған үш адам табылды
Жаңалықтар
0