Сенаторлар заңнан тыс қалған педагогтардың мәселесін көтерді

© Sputnik / Абзал КалиевПарламент ғимараты
Парламент ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Сенаттың бір топ депутаты педагогтың мәртебесі туралы заңнан тыс қалған мамандар мәселесін көтеріп, үкімет басшысына сауал жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенатор Нұрия Ниязованың айтуынша, бүгінде мамандандырылған балалар үйлерінде жетімдер, ата-анасының асырауынсыз қалған және сан алуан ауруы бар балалар тәрбиеленеді. Оларға медициналық, психологиялық және педагогикалық көмек жасалады.
"Ондай мекемелерде дәрігерлермен бірге педагогтар да жұмыс істейді. Олар – логопедтер, психологтар, тәрбиеші, бас тәрбиешілер, әдіскерлер, педагог, монтессори-педагог, музыкалық жетекші. Оларда педагогикалық білім бар. Барлығы жетімдер мен ата-анасының асырауынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жүр. Бұдан бөлек, орталық жүйке жүйесі бұзылған, ақыл-ой және физикалық кемістігі бар балалармен жұмыс істейді. Мамандар аттестациядан өтіп тұрады. Бірақ біреуі де "Педагогтың мәртебесі туралы" заңға кірмепті", - деді Ниязова сенаттың бүгінгі отырысында.
Қазіргі кезде осы санаттағы педагогтар үкімет қаулысы бойынша түзету коэффиценті мен қызметіне қарай жалақы алады. Бірақ оның мөлшері көп емес. Осыған байланысты сенаторлар медициналық-әлеуметтік мекемелерде жұмыс істейтін педагогтардың әлеуметтік-материалдық мәртебесін көтеріп, педагог туралы заңға қосуды сұрады.
Депутаттық сауалға сенаторлар Геннадий Шиповских, Закиржан Кузиев, Алишер Сатвалдиев пен Евгений Больгерт қосылды.
Учительница работает за компьютером в пустом классе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2023
Мұғалімдерді аттестаттау процедурасы өзгереді
Жаңалықтар
0