https://sputnik.kz/20230426/turmystyq-zorlyq-zombylyq-ushin-qansha-adam-zhauapqa-tartyldy-34301717.html
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қанша адам жауапқа тартылды
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қанша адам жауапқа тартылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрлігі үш айдың ішінде жазаға тартылған басбұзарлардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 26.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-26T12:48+0500
2023-04-26T12:48+0500
2023-04-26T12:48+0500
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_42:0:1100:595_1920x0_80_0_0_b6e314f20651fbdc34e252e06ec51848.jpg
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрлігі үш айдың ішінде жазаға тартылған басбұзарлардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ресми мәліметке сәйкес, биыл үш айдың ішінде жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 26 мыңға жуық қорғау нұсқамасы шығарылды. Үйде жанжал шығарғандарға қатысты 17,5 мың әкімшілік хаттама сотқа жолданды. Сот шешімдері:Жауапқа тартылғандардың барлығы профилактикалық есепке қойылды. Олардың арасында белгіленген шектеулерді бұзған адамдар да бар. 2 029 адам қайта әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыровтың айтуынша, бүгінде тұрмыстық зорлықтан зардап шегушілер өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген кезде полицияға жүгінеді, ал тәртіп сақшылары келгеннен кейін агрессорларға қарсы арыз жазудан бас тартады. Мәселен, өткен жылдың өзінде полицияны 70 мың рет шақырған. Бірақ арыз жазбаған.Полиция келіп кеткеннен кейін отбасындағы жанжал көп жағдайда әрі қарай жалғасады, кейде бұл ауыр зардаптарға әкеліп соғып жатады. Сондықтан арызсыз әкімшілік істерді қозғауға шешім қабылданды. Бұдан бөлек, әкімшілік және қылмыстық жаза күшейтілді.
https://sputnik.kz/20230426/ayelin-urgan-erkekterge-qatysty-zhaza-kusheytildi--negizgi-ozgerister-34299941.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_248:0:1041:595_1920x0_80_0_0_1140501ab4d76e5b56fa475137a5e0a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зорлық-зомбылық
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қанша адам жауапқа тартылды
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрлігі үш айдың ішінде жазаға тартылған басбұзарлардың санын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл үш айдың ішінде жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 26 мыңға жуық қорғау нұсқамасы шығарылды. Үйде жанжал шығарғандарға қатысты 17,5 мың әкімшілік хаттама сотқа жолданды. Сот шешімдері:
4 294 адам қамауға алынды;
2 946 адамға ескерту жасалды;
543 адамға айыппұл салынды;
4 278 адамның жүріп-тұруына ерекше талап қойылды (соның ішінде 2 697 адамға алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынды).
Жауапқа тартылғандардың барлығы профилактикалық есепке қойылды. Олардың арасында белгіленген шектеулерді бұзған адамдар да бар. 2 029 адам қайта әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыровтың айтуынша, бүгінде тұрмыстық зорлықтан зардап шегушілер өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген кезде полицияға жүгінеді, ал тәртіп сақшылары келгеннен кейін агрессорларға қарсы арыз жазудан бас тартады. Мәселен, өткен жылдың өзінде полицияны 70 мың рет шақырған. Бірақ арыз жазбаған.
Полиция келіп кеткеннен кейін отбасындағы жанжал көп жағдайда әрі қарай жалғасады, кейде бұл ауыр зардаптарға әкеліп соғып жатады. Сондықтан арызсыз әкімшілік істерді қозғауға шешім қабылданды. Бұдан бөлек, әкімшілік және қылмыстық жаза күшейтілді.