https://sputnik.kz/20230426/ayelin-urgan-erkekterge-qatysty-zhaza-kusheytildi--negizgi-ozgerister-34299941.html
Әйелін ұрған еркектерге қатысты жаза күшейтілді – негізгі өзгерістер
Әйелін ұрған еркектерге қатысты жаза күшейтілді – негізгі өзгерістер
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Ішкі істер істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтті. Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер мамырда, ал... 26.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-26T10:23+0500
2023-04-26T10:23+0500
2023-04-26T10:23+0500
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/07e4/09/11/14982355_0:19:1198:693_1920x0_80_0_0_a11fa31015eda9c29f7c74e6a91fad86.jpg
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Ішкі істер істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтті. Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер мамырда, ал әкімшілік жазаға қатысты түзетулер шілде айында күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Соңғы шешімді сот қабылдайдыРесми мәліметке сәйкес, бүгінде тұрмыстық зорлықтан зардап шегушілер өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген кезде полицияға жүгінеді, ал тәртіп сақшылары келгеннен кейін агрессорларға қарсы арыз жазудан бас тартады. Өткен жылдың өзінде полицияны 70 мың рет шақырған. Бірақ арыз жазылмаған.Полиция келіп кеткеннен кейін отбасындағы жанжал көп жағдайда әрі қарай жалғасады, кейде бұл ауыр зардаптарға әкеліп соғып жатады. Сондықтан арызсыз әкімшілік іс қозғауға шешім қабылданды.Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыровтың айтуынша, әкімшілік хаттаманы толтыру үшін көршілер мен куәгерлердің айғақтары ескеріледі. Сондай-ақ бейнебақылау камераларының материалдары негізге алынады. Соңғы шешімді сот қабылдайды.Ерлі-зайыпты сотта қайта татуласа алмайдыҚазіргі кезде әкімшілік хаттама рәсімделгеннен кейін жәбір көрген әйелдер агрессормен сотта татуласып жатады. Оларға қысым жасалады, я болмаса, туыстары арызын қайтаруға көндіріп жатады.Мысалы, өткен жылы тұрмыстық жанжалдар бойынша сотқа 47 мың әкімшілік іс жіберілді. Соның ішінде 20 мың іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.Енді сотта бір рет қана татуласуға мүмкіндік беріледі. Одан кейін жанжал қайталанса, әйелі кешірім жасаса да, агрессор жауапқа тартылады.Әкімшілік жаза қандай болады?Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін 5,10 және 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Ал соттар көбінесе 1-5 тәулікке қамауға шешім шығарып отырады.Әкімшілік кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, заң бұзған адамға ескерту жасалады, я болмаса, бірден 5 тәулікке қамап тастайды. Ал заң бұзушылық қайталанса, 10 тәулікке қамалады. Жазаның мерзіміне қатысты баптардан "дейін" деген сөз алынып тасталды.Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулерҚылмыстық кодекстің жекелеген баптарына (ҚК 106-бабы, ҚК 107-бабы) ауыр және орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіруге байланысты "кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділігі бар адамға қатысты іс-әрекет жасау" деген саралау белгісі енгізілді.Осының арқасында қылмысты шағын ауырлықтан орташа ауырлыққа ауыстыруға және қылмыскерді оқшаулау үшін қамауға алу түріндегі санкцияны қолдануға, сондай-ақ жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік бар. Ал Қылмыстық кодекс бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осы қылмыс екі және одан да көп адамға қатысты жасалса, 6 жылдан 10 жылға дейін түрмеге қамап тастауы мүмкін.Бұдан бөлек, 107-бапта денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған. Жазаның мерзімі – 2-3 жыл.Өзгерістер қашан күшіне енедіБиыл 16 наурызда парламент депутаттары тиісті заңды қабылдады. Президент қол қойды.Осылайша Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер 19 мамырдан, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енген түзетулер 1 шілдеден бастап заңды күшіне енеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/11/14982355_95:0:1162:800_1920x0_80_0_0_363f4b17a1f046da183182477a880319.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зорлық-зомбылық
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Ішкі істер істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтті. Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер мамырда, ал әкімшілік жазаға қатысты түзетулер шілде айында күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Соңғы шешімді сот қабылдайды
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде тұрмыстық зорлықтан зардап шегушілер өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген кезде полицияға жүгінеді, ал тәртіп сақшылары келгеннен кейін агрессорларға қарсы арыз жазудан бас тартады. Өткен жылдың өзінде полицияны 70 мың рет шақырған. Бірақ арыз жазылмаған.
Полиция келіп кеткеннен кейін отбасындағы жанжал көп жағдайда әрі қарай жалғасады, кейде бұл ауыр зардаптарға әкеліп соғып жатады. Сондықтан арызсыз әкімшілік іс қозғауға шешім қабылданды.
Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыровтың айтуынша, әкімшілік хаттаманы толтыру үшін көршілер мен куәгерлердің айғақтары ескеріледі. Сондай-ақ бейнебақылау камераларының материалдары негізге алынады. Соңғы шешімді сот қабылдайды.
Ерлі-зайыпты сотта қайта татуласа алмайды
Қазіргі кезде әкімшілік хаттама рәсімделгеннен кейін жәбір көрген әйелдер агрессормен сотта татуласып жатады. Оларға қысым жасалады, я болмаса, туыстары арызын қайтаруға көндіріп жатады.
Мысалы, өткен жылы тұрмыстық жанжалдар бойынша сотқа 47 мың әкімшілік іс жіберілді. Соның ішінде 20 мың іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.
Енді сотта бір рет қана татуласуға мүмкіндік беріледі. Одан кейін жанжал қайталанса, әйелі кешірім жасаса да, агрессор жауапқа тартылады.
Әкімшілік жаза қандай болады?
Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін 5,10 және 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Ал соттар көбінесе 1-5 тәулікке қамауға шешім шығарып отырады.
Әкімшілік кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, заң бұзған адамға ескерту жасалады, я болмаса, бірден 5 тәулікке қамап тастайды. Ал заң бұзушылық қайталанса, 10 тәулікке қамалады. Жазаның мерзіміне қатысты баптардан "дейін" деген сөз алынып тасталды.
ұрып-соққаны үшін кем дегенде 10 тәулікке қамау (бір жылдың ішінде қайталанса, 20 тәулік);
денсаулыққа жеңіл зиян келсе, 15 тәулікке қамау (бір жылдың ішінде қайталанса, 25 тәулік);
қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ескерту болмайды, бірден 10 тәулікке жауып тастайды;
соттың жүріп-тұруға қатысты талабын бұзғаны үшін айыппұл салынбайды, 10 тәулікке қамауға алады (бір жылдың ішінде қайталанса, 20 тәулік).
Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулер
Қылмыстық кодекстің жекелеген баптарына (ҚК 106-бабы, ҚК 107-бабы) ауыр және орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіруге байланысты "кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділігі бар адамға қатысты іс-әрекет жасау" деген саралау белгісі енгізілді.
Осының арқасында қылмысты шағын ауырлықтан орташа ауырлыққа ауыстыруға және қылмыскерді оқшаулау үшін қамауға алу түріндегі санкцияны қолдануға, сондай-ақ жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік бар. Ал Қылмыстық кодекс бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осы қылмыс екі және одан да көп адамға қатысты жасалса, 6 жылдан 10 жылға дейін түрмеге қамап тастауы мүмкін.
Бұдан бөлек, 107-бапта денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған. Жазаның мерзімі – 2-3 жыл.
Өзгерістер қашан күшіне енеді
Биыл 16 наурызда парламент депутаттары тиісті заңды қабылдады. Президент қол қойды.
Осылайша Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер 19 мамырдан, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енген түзетулер 1 шілдеден бастап заңды күшіне енеді.