Павлодар тұрғыны Ресейден сатып алған ұшақты кеденшілер өткізбей қойды

© РИА Новости / Медиабанкке өтуРесей кедені, архивтегі фото
Ресей кедені, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Омбының кеденшілері Павлодар қаласының тұрғыны сатып алған ұшақты шекарадан өткізбей қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ресейдің Сібір кеден басқармасына сілтеме жасап.
Ольховка өткізу пунктінде фургонның тіркемесіне тиелген екі орындық жеңіл моторлы ұшақ анықталған. Мобильді топ құжатын талап етеді. Алайда көлік иесі ұшақтың құжатын көрсете алмаған. Шағын әуе кемесін Павлодар қаласының тұрғыны сатып алған.
"Ұшақтың салмағы – 300 келі, ал құны – 3,4 миллион рубль. Тауарды тасымалдаушы кеденшілерге қажетті құжаттарды көрсете алмады. Сол себепті әуе кемесін әкетуге тыйым салынды", - дейді кеденшілер.
Тауар тиелген көлік Ресей Федерациясына қайтарылды.
Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2022
Түркістан облысындағы кеден бекетінде ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар
0