https://sputnik.kz/20221130/turkistan-oblysyndagy-keden-beketinde-uyymdasqan-qylmystyq-top-ustaldy-29856863.html
Түркістан облысындағы кеден бекетінде ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Түркістан облысындағы кеден бекетінде ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті ҰҚК-нің 5-департаментімен бірлесіп, Өзбекстанмен шекаралас... 30.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-30T09:12+0500
2022-11-30T09:12+0500
2022-11-30T09:12+0500
қылмыстық топ
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1e/29856363_0:20:2730:1556_1920x0_80_0_0_071be639fd33d223ce136e5c1b518b00.jpg
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті ҰҚК-нің 5-департаментімен бірлесіп, Өзбекстанмен шекаралас Түркістан облысының "Қазығұрт" кеден бекетінде арнайы операция жүргізді.Қылмыстық топ кеден бекетіндегі жемқор қызметкерлердің көмегін пайдалана отырып, "брокерлік қызметтер" көрсету деген желеумен тауарларды жалған құжат бойынша заңсыз әкеліп жүрген, деп хабарлады ІІМ Telegram каналы.Сонымен қатар қылмыскерлер көрші елдің азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуіне қылмыстық қолдау көрсеткен. Жедел қызметкерлер бүкіл қылмыстық схеманы анықтап, құжаттады."Бір мезгілде тінту жүргізіліп, ірі көлемдегі ақша, атыс және суық қарудың түрлері, "қара кассаның" есепке алу жазбалары, шетел азаматтарының паспорттары, арнайы техникалық құралдар тәркіленді", - деп атап өтті ішкі істер министрлігі.Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, кінәлі адамдарға қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі қарастырылуда.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1e/29856363_1:0:2730:2047_1920x0_80_0_0_8452f2ec8744c4dc6b3930c8740d0cd1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыстық топ, түркістан облысы
қылмыстық топ, түркістан облысы
Түркістан облысындағы кеден бекетінде ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті ҰҚК-нің 5-департаментімен бірлесіп, Өзбекстанмен шекаралас Түркістан облысының "Қазығұрт" кеден бекетінде арнайы операция жүргізді.
Қылмыстық топ кеден бекетіндегі жемқор қызметкерлердің көмегін пайдалана отырып, "брокерлік қызметтер" көрсету деген желеумен тауарларды жалған құжат бойынша заңсыз әкеліп жүрген, деп хабарлады ІІМ
Telegram каналы.
"Бір жүк көлігі кедергісіз кіріп-шығуы үшін тасымалданатын жүкке байланысты 200 мың теңгеге дейін ақы алынған, бұл кейіннен тауар құнының өсуіне әсер еткен. Тәулігіне кеден бекеті арқылы 150-ге жуық автокөлік өткен", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар қылмыскерлер көрші елдің азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуіне қылмыстық қолдау көрсеткен. Жедел қызметкерлер бүкіл қылмыстық схеманы анықтап, құжаттады.
"Бір мезгілде тінту жүргізіліп, ірі көлемдегі ақша, атыс және суық қарудың түрлері, "қара кассаның" есепке алу жазбалары, шетел азаматтарының паспорттары, арнайы техникалық құралдар тәркіленді", - деп атап өтті ішкі істер министрлігі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, кінәлі адамдарға қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі қарастырылуда.