Алматыда ҰҚК қалалық департаментінің бұрынғы басшысы сотталды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Алматының Алмалы аудандық соты Ұлттық қауіпсіздік комитеті қалалық департаментінің бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды.
Ол билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану (Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі) бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.
Сот үкімімен ҰҚК-нің бұрынғы департамент басшысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 10 жыл бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында қызмет атқара алмайды. ҰҚК генерал-майоры арнайы атағы қайтарып алынады.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Кәрім Мәсімов - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2023
Қаңтар оқиғасы
Мәсімовке сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0