https://sputnik.kz/20230424/qazaqstan-chekhiya-biznes-230-mln-euro-34259595.html
Қазақстан және Чехия бизнес өкілдері 230 млн еуроның келісіміне қол қойды
Қазақстан және Чехия бизнес өкілдері 230 млн еуроның келісіміне қол қойды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында Чехиямен бірлескен 200-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді 24.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-24T21:54+0500
2023-04-24T21:54+0500
2023-04-24T21:54+0500
экономика
қазақстан
чехия
келісім
доллар
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/09/15161162_0:66:3068:1792_1920x0_80_0_0_60b62fdd21fb57274ac209ab31b08a6b.jpg
АСТАНА, 24 сәуір - Sputnik. Астанада Қазақстан-Чехия бизнес-форумының қорытындысы бойынша 230 миллион еуро болатын келісімге қол қойылды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. "Чех бизнесінің Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылығының артуы біздің елде инвестициялық ахуалды жақсартуға көп көңіл бөлініп жатқандығының дәлелі. Бізде серпінді инвестициялық жобаларды іске асыру үшін барлық қажетті алғышарттар бар", - деді премьер-министр Әлихан Смайылов форумда сөйлеген сөзінде. Үкімет басшысы Қазақстан Орталық Азияда инвестициялар тарту бойынша көшбасшы болып қала беретінін айтты. Қазақстан 410 миллиард доллардан астам сомаға тікелей шетелдік инвестициялар тарта алды. Форум қорытындысы бойынша келісімдерге қол қойылды: Астанада Қазақстан - Чехия бизнес-форумы өтті. Іс-шараға екі елдің үкімет басшылары Әлихан Смайылов пен Петр Фиала, мемлекеттік сектор, ұлттық компаниялар мен іскер топтардың өкілдері қатысты. Бизнес-форум аясында пленарлық сессия өтті және екіжақты кездесулер болды.
https://sputnik.kz/20230424/prezident-ulttyq-bank-toragasyna-aqsha-kredit-sayasaty-34256817.html
қазақстан
чехия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/09/15161162_185:0:2916:2048_1920x0_80_0_0_841235cd16a053413506ad5341191e65.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, чехия, келісім, доллар
қазақстан, чехия, келісім, доллар
Қазақстан және Чехия бизнес өкілдері 230 млн еуроның келісіміне қол қойды
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында Чехиямен бірлескен 200-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді
АСТАНА, 24 сәуір - Sputnik. Астанада Қазақстан-Чехия бизнес-форумының қорытындысы бойынша 230 миллион еуро болатын келісімге қол қойылды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
"Чех бизнесінің Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылығының артуы біздің елде инвестициялық ахуалды жақсартуға көп көңіл бөлініп жатқандығының дәлелі. Бізде серпінді инвестициялық жобаларды іске асыру үшін барлық қажетті алғышарттар бар", - деді премьер-министр Әлихан Смайылов форумда сөйлеген сөзінде.
Үкімет басшысы Қазақстан Орталық Азияда инвестициялар тарту бойынша көшбасшы болып қала беретінін айтты. Қазақстан 410 миллиард доллардан астам сомаға тікелей шетелдік инвестициялар тарта алды.
Форум қорытындысы бойынша келісімдерге қол қойылды:
чехиялық Skoda Transportation компаниясымен;
EGAP экспорттық сақтандыру агенттігімен;
Чехия экспорттық банкімен;
transco компаниясымен меморандум және басқа құжаттарға қол қойылды.
Астанада Қазақстан - Чехия бизнес-форумы өтті. Іс-шараға екі елдің үкімет басшылары Әлихан Смайылов пен Петр Фиала, мемлекеттік сектор, ұлттық компаниялар мен іскер топтардың өкілдері қатысты.
Бизнес-форум аясында пленарлық сессия өтті және екіжақты кездесулер болды.