https://sputnik.kz/20230424/ortalyq-aziya-elderinin-syrtqy-ister-ministrleri-qytayda-bas-qosady-34249721.html
Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері Қытайда бас қосады
Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері Қытайда бас қосады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстандық делегация Сиань қаласында өтетін "Орталық Азия – Қытай" форматындағы сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысады... 24.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-24T16:31+0500
2023-04-24T16:31+0500
2023-04-24T16:32+0500
қытай
саясат
орталық азия
сыртқы істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e7/04/09/33719747_0:0:3263:1836_1920x0_80_0_0_80ed0f3d60a79c311a4d357cd17a4e4c.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстандық делегация Сиань қаласында өтетін "Орталық Азия – Қытай" форматындағы сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Орталық Азия елдері мен Қытай сыртқы саяси ведомстволары басшыларының алдағы отырысының негізгі мәселелерінің бірі - биыл мамырда Сиань қаласында жоспарланған "Орталық Азия – Қытай" алғашқы саммитіне дайындық. Бұдан басқа, кездесуге қатысушылар алтыжақты ынтымақтастықтың әртүрлі салаларындағы перспективаларын, атап айтқанда көлік-логистика инфрақұрылым саласындағы өзара байланысты нығайтуды, Орталық Азия елдерінен Қытайға ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын ұлғайтуды, электрондық коммерцияны дамытуды, сондай-ақ осы форматқа қатысушы елдердің құзыретті органдары арасында өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін талқылайды. Басқосу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелеріне ерекше назар аударылады. Тараптар жан-жақты пікір және ұлттық ұстанымдар бойынша ой алмасады деп көзделіп отыр.
https://sputnik.kz/20230424/sudannan-ush-qazaqstandyq-evakuatsiyalandy-sim-34247756.html
қытай
орталық азия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/09/33719747_326:0:3055:2047_1920x0_80_0_0_70a5b770953c757b212e6044c671bb1c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, орталық азия, сыртқы істер министрлігі
қытай, орталық азия, сыртқы істер министрлігі
Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері Қытайда бас қосады
16:31 24.04.2023 (жаңартылды: 16:32 24.04.2023) АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстандық делегация Сиань қаласында өтетін "Орталық Азия – Қытай" форматындағы сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"26-27 сәуірде Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация Сиань қаласында өтетін "Орталық Азия –Қытай" диалогтық форматтағы Сыртқы істер министрлерінің 4-ші отырысына қатысады", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Орталық Азия елдері мен Қытай сыртқы саяси ведомстволары басшыларының алдағы отырысының негізгі мәселелерінің бірі - биыл мамырда Сиань қаласында жоспарланған "Орталық Азия – Қытай" алғашқы саммитіне дайындық.
Бұдан басқа, кездесуге қатысушылар алтыжақты ынтымақтастықтың әртүрлі салаларындағы перспективаларын, атап айтқанда көлік-логистика инфрақұрылым саласындағы өзара байланысты нығайтуды, Орталық Азия елдерінен Қытайға ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын ұлғайтуды, электрондық коммерцияны дамытуды, сондай-ақ осы форматқа қатысушы елдердің құзыретті органдары арасында өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін талқылайды.
Басқосу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелеріне ерекше назар аударылады. Тараптар жан-жақты пікір және ұлттық ұстанымдар бойынша ой алмасады деп көзделіп отыр.