Есігі жоқ әжетхана: Талғар ауданы білім бөлімі желіде тараған видеоға түсініктеме берді

© Талғар ауданы білім бөліміТалғар ауданы білім бөлімі егісі жоқ дәретхана түсірілген видеоға түсініктеме берді
Талғар ауданы білім бөлімі егісі жоқ дәретхана түсірілген видеоға түсініктеме берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 сәуір - Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданындағы мектептердің біріндегі есігі жоқ әжетхана видеосы желіде тарап, қызу талқыға түсті. Осы жағдайға қатысты аудандық білім бөлімі түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Видео Ақтас ауылындағы N36 орта мектепте түсірілген. Аудандық білім бөлімі бұл жәйт әжетханадағы жөндеу жұмыстары кезінде болғанын айтады.
"Мектепте 28 дәретхана бар, оның 14-і қыздарға, 14-і ұлдарға арналған. Видео ұлдарға арналған дәретхананың есіктерін ауыстыру кезінде түсірілген. Қазіргі уақытта дәретханадағы барлық есік қалпына келтірілді", - деді Талғар ауданы білім бөлімінің басшысы Айнагүл Үшкемпірова.
Ақтас ауылының N°36 орта мектебінде қазіргі күні 2400 оқушы білім алып жатыр.
Полиция қызметкерлері аман алып қалған шақалақтың жағдайымен танысты
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Қоғам
Алматыда дәретхана шұңқырынан табылған сәби әлі жансақтау бөлімінде жатыр
Жаңалықтар
0