https://sputnik.kz/20220901/almaty-daretkhana-sabi-zhansaqtau-bolimi-27175596.html
Алматыда дәретхана шұңқырынан табылған сәби әлі жансақтау бөлімінде жатыр
Алматыда дәретхана шұңқырынан табылған сәби әлі жансақтау бөлімінде жатыр
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Алматыда полиция қызметкерлері аман алып қалған шақалақтың жағдайымен танысты, деп хабарлайды Polisia.kz. 01.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-01T07:39+0500
2022-09-01T07:39+0500
2022-09-01T07:41+0500
қоғам
алматы
полиция
сәби
https://sputnik.kz/img/07e6/09/01/27175439_0:0:1024:576_1920x0_80_0_0_55ea44c9a36d70132423b20d6530ac16.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Алматыда полиция қызметкерлері аман алып қалған шақалақтың жағдайымен танысты, деп хабарлайды Polisia.kz. Құтқарылған сәбиді көруге ауруханаға полиция қызметкерлері Нұржан Шатунов пен Ғазиз Хамасқалиев барып қайтты. Дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты ауыр деп отыр."Біз әріптестерімізбен бірге сәбиді “Батыр” деп атап кеттік, оның өмірі үшін үздік дәрігерлердің күресіп жатқандығын білеміз. Оларға көп рақмет. Балақай қазір жансақтау бөлімінде жатыр, оған қажетті заттарды алып келдік. Сәбиге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Нұржан Шатунов. Еске салайық, жаңа туған нәрестені полиция қызметкерлері 25 тамызға қараған түні Алматының Түрксіб ауданында құтқарып қалды. 17 жастағы келіншек түсік болды деп шағымданып, сәбиінен құтылған. Алайда тәртіп сақшылары сәбиді дәретхана шұңқырынан тауып алып, аман алып қалды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/01/27175439_128:0:896:576_1920x0_80_0_0_c9578b4f48cd05b49c4ad452d4eecd93.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, полиция, сәби
Алматыда дәретхана шұңқырынан табылған сәби әлі жансақтау бөлімінде жатыр
07:39 01.09.2022 (жаңартылды: 07:41 01.09.2022) НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Алматыда полиция қызметкерлері аман алып қалған шақалақтың жағдайымен танысты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Құтқарылған сәбиді көруге ауруханаға полиция қызметкерлері Нұржан Шатунов пен Ғазиз Хамасқалиев барып қайтты. Дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты ауыр деп отыр.
"Біз әріптестерімізбен бірге сәбиді “Батыр” деп атап кеттік, оның өмірі үшін үздік дәрігерлердің күресіп жатқандығын білеміз. Оларға көп рақмет. Балақай қазір жансақтау бөлімінде жатыр, оған қажетті заттарды алып келдік. Сәбиге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Нұржан Шатунов.
Еске салайық, жаңа туған нәрестені полиция қызметкерлері 25 тамызға қараған түні Алматының Түрксіб ауданында құтқарып қалды.
17 жастағы келіншек түсік болды деп шағымданып, сәбиінен құтылған. Алайда тәртіп сақшылары сәбиді дәретхана шұңқырынан тауып алып, аман алып қалды.