Дәрігерлер қатты күйік шалған он жасар балаға 19 рет операция жасады

© Sputnik / Дәурен ЕрболатОперация жасауға қажетті медициналық құралдар
Операция жасауға қажетті медициналық құралдар  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Шымкентте қатты күйіктен 19 операция жасатқан 10 жасар баланың жағдайы жақсарып келеді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Алты айдан бері ауруханада жатқан бала теміржол төсенішінде ойнап жүріп, электр тогынан қатты күйік алып, зардап шекті. Бүгінгі таңда дәрігерлер ауыр жағдайда жеткізілген пациентке 13 рет теріні ауыстыру операциясын және 6 некрэктомия жасады.
"Денесі толық күйіп қалған бала шамамен 3 ай қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімшесінде болды және палатаға ауыстырылды", - делінген хабарламада.
Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасының комбустиолог дәрігері бұл жағдай туралы айтып берді.
"Пациент ауруханаға 2022 жылғы 9 қарашада өте ауыр жағдайда түсті. Бала жағдайында күйік мөлшері үлкен, 65 пайыз болды. Біздің ауруханада жағдайы жақсарды", - дейді ол.
Оқиға 2022 жылғы 9 қарашада Шымкент қаласындағы теміржол вокзалының жанында болған еді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2023
Денсаулық
Павлодарлық дәрігерлер денесі күйген науқастың терісін ауыстырды
Жаңалықтар
0