https://sputnik.kz/20230417/pavlodarlyq-darigerler-denesi-kuygen-nauqastyn-terisin-auystyrdy-34019825.html
Павлодарлық дәрігерлер денесі күйген науқастың терісін ауыстырды
Павлодарлық дәрігерлер денесі күйген науқастың терісін ауыстырды
Sputnik Қазақстан
Павлодарда өрттен денесін күйік шалған ер адамға жасанды тері транслантациясы жасалды
2023-04-17T16:40+0500
2023-04-17T16:40+0500
2023-04-17T16:40+0500
денсаулық
павлодар
күйік
https://sputnik.kz/img/1099/50/10995044_0:22:1921:1102_1920x0_80_0_0_8622469ffa7d7289cabfb8ffb4b8b905.jpg
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Павлодарда өрттен денесін күйік шалған ер адамға жасанды тері транслантациясы жасалды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.Пәтердегі өрттен Павлодар тұрғынының арқасы мен аяғы күйген.Ер адамды екі ай бойы хирургиясыз емдеген, ал таяуда Астана Биотехнология ҒЗИ-дан жасанды тері жеткізіліп, оған бірегей операция жасалды."Пациентте теріні алуға болатын донорлық учаскелер жетіспеді, өйткені аяғы тізесіне дейін ампутацияланған. 10 жыл бұрын ол қатты аязда аяғын үсітіп алыпты", - деді Павлодар қалалық №1 ауруханасы камбустиология бөлімінің меңгерушісі Марат Қанжығалин.Айта кетері, Павлодарда бір жарым жылдың ішінде тері трансплантациясы бойынша 6 операция жасалды. Олар қымбат жоғары технологиялық медициналық қызметтер санатына жатады.Мамандандырылған медициналық көмектің бұл түрі МӘМС жүйесіндегі барлық сақтандырылған қазақстандыққа қолжетімді. Яғни сақтандырылған тұрғындар үшін бұл операция МӘМС қоры есебінен тегін жасалады.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1099/50/10995044_67:0:1774:1280_1920x0_80_0_0_12e279e4e132c8ac68d566c528cc0d7a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар денесі күйген тері трансплантациясы
павлодар денесі күйген тері трансплантациясы
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Павлодарда өрттен денесін күйік шалған ер адамға жасанды тері транслантациясы жасалды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Пәтердегі өрттен Павлодар тұрғынының арқасы мен аяғы күйген.
"Үйде сымдардың қысқа тұйықталуынан өрт шыққан. Мен ұйықтап жатқан едім. Түтіннің иісінен есімнен танып, тұра алмадым. Өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп, мені өрттен аман алып қалды. Ал дәрігерлер күйген терімді ауыстырып, маған екінші өмір сыйлады", - дейді 50 жастағы пациент.
Ер адамды екі ай бойы хирургиясыз емдеген, ал таяуда Астана Биотехнология ҒЗИ-дан жасанды тері жеткізіліп, оған бірегей операция жасалды.
"Пациентте теріні алуға болатын донорлық учаскелер жетіспеді, өйткені аяғы тізесіне дейін ампутацияланған. 10 жыл бұрын ол қатты аязда аяғын үсітіп алыпты", - деді Павлодар қалалық №1 ауруханасы камбустиология бөлімінің меңгерушісі Марат Қанжығалин.
Айта кетері, Павлодарда бір жарым жылдың ішінде тері трансплантациясы бойынша 6 операция жасалды. Олар қымбат жоғары технологиялық медициналық қызметтер санатына жатады.
Мамандандырылған медициналық көмектің бұл түрі МӘМС жүйесіндегі барлық сақтандырылған қазақстандыққа қолжетімді. Яғни сақтандырылған тұрғындар үшін бұл операция МӘМС қоры есебінен тегін жасалады.