Атырауда 20 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген ер адам қолға түсті

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Подозреваемый в наручниках
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 сәуір - Sputnik. Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру барысында халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру барысында шетелдік азаматқа Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-бабының 2-бөлігі және 248-бабы 2-бөлігі, яғни қасақана адам өлтіру және заңсыз қару сақтау бойынша халықаралық іздестіру жарияланғаны анықталды.
1975 жылы туған шетел азаматының уақытша тұратын жерін тінту барысында Қазақстан аумағында тыйым салынған діни кітаптар мен дискілер тәркіленді. Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды.
Тұтқындау, кісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2017
Қоғам
Ақмола облысында шетелдік содырларға көмектескен үш азамат ұсталды
Жаңалықтар
0