Стамбулда жараланған қазақстандық Түркияға қызын емдету үшін барған

© Sputnik / Михаил Фомичев / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2023
Жазылу
Бегәлі Тәліповтің 2 жасар қызы нейробластома қатерлі ісігіне шалдыққан
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Ыстамбұлда қаңғыған оқ тиіп, жараланған қазақстандық Бегәлі Тәліпов түрік жеріне кішкентай қызын емдету үшін барған, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Бегәлі Тәліповтің айтуынша, ол қараша айынан бастап Түркияда жүр. Сол күні ол баласымен бірге серуеннен келе жатқан. Қапелімде жақын жерде атыс басталып кеткен.
Ер адам арбамен бірге үйдің кіреберісіне тығылады, алайда оқ қолдың арасынан өтіп, ішіне тиеді.
Қазір ол Стамбул ауруханаларының бірінде жатыр. Дипломаттардың қолдауымен оған тегін ота жасалды. Жақында науқас ауруханадан шығарылады.
Ер адам ауруханада жатуға уақыты жоқ екенін, бар ойы қызына қымбат ота жасауда екенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық азамат Түркиядағы атыс кезінде оқ тиіп, жараланды. Оқиға Чекмекей провинциясында болды. Белгісіз екі адам көпқабатты үйдің жанында бір-біріне оқ жаудырып, салдарынан қазақстандық азамат жараланған.
Сыртқы істер министрлігі 31 жастағы қазақстандық консулдыққа қоңырау шалып, жарақат алғаны туралы хабарлағанын айтады.
Түркияның жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2017
Оқиға
Түркияда 21 жастағы қазақстандық қызды көлік қағып кетті
Жаңалықтар
0