Оқиға

Түркияда 21 жастағы қазақстандық қызды көлік қағып кетті

© Flickr/ Matt PerreaultТүркияның жедел жәрдем көлігі
Түркияның жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Басынан қатты жарақат алған қызға шұғыл түрде операция жасалды, қазір ол жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр

АСТАНА, 5 қараша — Sputnik. Қазақстан азаматы Антальяда жол апатына түсті, 21 жастағы теміртаулық қызды жаяу жүргіншілер жолында көлік қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Қазақстандық қызды сенбі кешке Анталья қаласында көлік қағып кеткен. 

"Жол апаты салдарынан ол басынан қатты жарақаттанып, қаладағы жеке меншік ауруханалардың біріне жеткізіледі. Ол жерде қызға шұғыл түрде операция жасалды. Қазақстанның Түркиядағы консулы зардап шеккен қыз жатқан ауруханаға барып, дәрігерлермен кездесті", — деп хабарлайды баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта қыз жансақтау бөлімсінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр. 

Tez Tour - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстандық туристер мінген автобус Түркияда жол апатына ұшырады

"Қазақстандық дипломат қыздың туыстарымен байланысқа шықты, оларға қажетті көмекті көрсетіп отыр. Сондай-ақ жергілікті полициямен хабарласып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", — деді министрлік өкілдері. 

Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша қазақстандық қыздың Антальяға туристік визамен әпкесіне барғанына бір ай болыпты. Медициналық сақтандыру құжаты бар. 

 Жол апатына кінәлі адам ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүріп жатыр. 

 

Жаңалықтар
0