АСТАНА, 10 маусым — Sputnik. Қазақстандықтар мінген автобус түрік провинциясы Антальяда жол апатына ұшыраған, деп жазады РИА Новости.
Қазақстан, Ресей және Украинадан барған туристер жұма күні экскурсияға Демреге бара жатады.
"Ресейдің 24 туристі, Украина мен Қазақстанның туристері мінген автобус апатқа ұшырады. Оларға жүк көлігі келіп соғылған", — деп мәлімет берді РФ-ның Антальядағы бас консулдығының консулы Алексей Шиванов.
Оның сөзіне сүйенсек, бес ресейлік, оның ішінде екі бала болмашы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, амбулаториялық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілген.
Ресейдің БАҚ өкілдерінің ақпаратына жүгінсек, автобуста TEZ Tour компаниясының 44 туристі болған. Жүк көлігі жолдың шетінде тоқтап тұрған автобусқа соғылған.