Өңірлер

Алматыдағы Gelandewagen мен автобус жол апаты: прокуратура қызметкері жұмыстан шығып кетті

© SputnikЖол апаты: Гелендваген-Автобус
Жол апаты: Гелендваген-Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол талғамайтын көліктің рөлінде болған прокурор көмекшісі қызметтен шығып кетіпті

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі Бекзат Бөшен қадағалау ведомствосындағы қызметінен шығып кетті. Ақпаратты Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі растады.

жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жол талғамайтын көлік автобуспен соқтығысып, 17 адам зардап шекті

"Ол демалыстан қайтып келген соң, қызметтен кетуге арыз жазды. Қазір прокуратура қызметкері емес", — деп хабарлады прокуратура баспасөз қызметі.

Sputnik Қазақстан агенттігі Бекзат Бөшенмен телефон арқылы хабарласты, бірақ ол қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Жол апаты 11 мамырда Алматыдағы Райымбек даңғылында болған: Mercedes Gelandewagen қоғамдық көлікке арналған жолаққа шығып кетіп, жолаушылар мінген автобусқа соғылған.

Жаңалықтар
0