АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Жол талғамайтын көлік сағат 12-лер шамасында автобуспен соқтығысты. Зардап шеккендер бар, олардың жарақаттары қаншалықты ауыр екені нақтыланып жатыр. Sputnik Қазақстан жол апатының мән-жайын Алматы ішкі істер департаментінен нақтылап алды.
Полицейлердің алдын ала болжамы бойынша, 63-ші бағыттағы автобус Райымбек даңғылы бойынан арнайы жолақпен қозғалып келе жатып, Тілендиев көшесімен қиылысқа жақындап қалған кезде жол апатына ұшырайды. Жол талғамайтын көлік сол бағытта қозғалып келген келесі жолаққа алмасу кезінде автобуспен соқтығысады. Сол кезде қозғалысын тоқтатпаған автобус көшеге жарық беру бағанасына соқтығысады. Жол апаты орнында жедел жәрдем көмегіне Gelandewagen жүргізушісін қосқанда 17 адам жүгінді.
Instagram желісіндегі "ДТП-ГАИ-КРИС-П" тобында көзбен көрушілер оқиға орнынан видеоны жариялаған. Жол апаты дерегін Алматы қаласы анықтау басқармасы тергеп жатыр. Материалдар өндіріске қабылданды. Бұдан бұрын тексерілмеген ақпаратқа сәйкес, Gelandewagen жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалған. Алайда полиция қызметкерлері бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Instagram желісіндегі "ДТП-ГАИ-КРИС-П" тобында көзбен көрушілер оқиға орнынан видеоны жариялады.