https://sputnik.kz/20230420/qostanay-oblysynda-auyl-turgyny-mal-izdeuge-shygyp-zhogalyp-ketken-34151449.html
Қостанай облысында ауыл тұрғыны мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен
Қостанай облысында ауыл тұрғыны мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Қостанай облысы Қамысты ауданы Аралкөл ауылының тұрғыны жоғалып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі. 20.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-20T21:50+0500
2023-04-20T21:50+0500
2023-04-20T21:50+0500
қостанай облысы
мал
https://sputnik.kz/img/old/1096/54/10965416_0:16:3071:1743_1920x0_80_0_0_a3fc82b23edb1d89589dc111129557e6.jpg
АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Қостанай облысы Қамысты ауданы Аралкөл ауылының тұрғыны жоғалып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.Мал іздеймін деп сол күйі ұшты-күйлі жоғалып кеткен азамат туралы 19 сәуір күні сағат 08:40-та "112" құтқару пультіне хабарлама түскен. Оны іздеуге шыққан құтқарушылардың көлігі батпаққа батып, ақыры Ямал Н4 жоғары өтімді техникасымен іздей бастаған."Аралкөл кентінің маңында қар мен жаңбыр жауып, батпақта тұрып қалған көлікті қарапайым техникамен сүйреп шығару мүмкін болмады. Содан кейін Жітіқара қаласының жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің құтқарушылар тобы іздеу жұмыстары аумағына жол тартты. ЯМАЛ Н4 жоғары өтімді техникасымен олар жоғалған ауыл тұрғынын іздеуге кірісті. Бірнеше сағаттан кейін ол Аралкөл кентінен 30 шақырым қашықтықта табылып, тұрғылықты жеріне жеткізілді", - деп мәлімдеді ведомство."Ұйықтап қалған": Қостанай облысында жоғалған бала бір тәуліктен кейін табылды1983 жылы туған ер адам мал іздеуге шығып, жазық далада адасып кеткен. Ол медициналық көмекке мұқтаж емес екенін айтқан.
https://sputnik.kz/20230419/aqtobelik-mal-qasqyrdy-shynzhyr-34105015.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1096/54/10965416_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_d223ab7cee4e2cc0802e66e2294cded0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, мал
Қостанай облысында ауыл тұрғыны мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен
АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Қостанай облысы Қамысты ауданы Аралкөл ауылының тұрғыны жоғалып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Мал іздеймін деп сол күйі ұшты-күйлі жоғалып кеткен азамат туралы 19 сәуір күні сағат 08:40-та "112" құтқару пультіне хабарлама түскен. Оны іздеуге шыққан құтқарушылардың көлігі батпаққа батып, ақыры Ямал Н4 жоғары өтімді техникасымен іздей бастаған.
"Аралкөл кентінің маңында қар мен жаңбыр жауып, батпақта тұрып қалған көлікті қарапайым техникамен сүйреп шығару мүмкін болмады. Содан кейін Жітіқара қаласының жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің құтқарушылар тобы іздеу жұмыстары аумағына жол тартты. ЯМАЛ Н4 жоғары өтімді техникасымен олар жоғалған ауыл тұрғынын іздеуге кірісті. Бірнеше сағаттан кейін ол Аралкөл кентінен 30 шақырым қашықтықта табылып, тұрғылықты жеріне жеткізілді", - деп мәлімдеді ведомство.
1983 жылы туған ер адам мал іздеуге шығып, жазық далада адасып кеткен. Ол медициналық көмекке мұқтаж емес екенін айтқан.