https://sputnik.kz/20220617/qostanay-oblysy-zhogalgan-bala-25595865.html
"Ұйықтап қалған": Қостанай облысында жоғалған бала бір тәуліктен кейін табылды
"Ұйықтап қалған": Қостанай облысында жоғалған бала бір тәуліктен кейін табылды
Sputnik Қазақстан
Жоғалған малды іздеу кезінде адасып кеткен тоғыз жасар баланы іздеуге 200-ден астам адам атсалысты 17.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-17T12:30+0500
2022-06-17T12:30+0500
2022-06-17T12:30+0500
қостанай облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/06/11/25589682_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_22e467f102575f43cee5c56b5c3117a9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен волонтерлер Қостанай облысында далада жоғалып кеткен тоғыз жастағы баланы бір тәулік бойы іздеді. Осы уақыт ішінде жоғалған бала он километр жерді жаяу жүріп өткен.Кәмелетке толмаған Мейрам Зубков мал бағумен айланысатын ата-анасымен бірге даладағы қоста тұрады, деп хабарлады polisia.kz.Ата-анасы баланың жоғалып кеткенін түсінгенде оны өз бетінше табуға тырысқан. Бірақ іздеу еш нәтиже бермеген. Сондықтан олар кешкі сағат жетіге қарай баланың жоғалғаны туралы полицияға шағымданған."Тез арада баланы іздеуге кірістік. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, ТЖД мамандары мен волонтерлер қатысты. Жақын аймақтағы ауылдардың аумағы, өзен сағалары тексерілді, арнайы техника мен қызметтік-іздеу иттері жұмылдырылды. Сонымен қатар дрон қолданылды", - деп нақтылады өңірлік полицияда.Іздеу жұмыстары бір сәтке де тоқтатылған жоқ. Нәтижесінде бүгін таңғы сегіз шамасында Мейрам Молокановка ауылынан үш километр жерден табылды. Ол өзі тұратын даладағы қостан он километр жаяу жүріп өткен."Ол қосқа қарай бет алғанымен, адасып кеткен. Даламен тоқтаусыз жүріп, сосын ұйықтап қалған. Қазіргі уақытта Мейрам Зубков үйінде, дәрігерлер оны тексерді, баланың жағдайы жақсы", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаменті.Ал полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков бала жоғалғаны туралы хабарды естіп, жедел түрде полиция мен құтқарушыларға көмекке келген волонтерлерге алғыс білдірді.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/11/25589682_455:0:3186:2048_1920x0_80_0_0_c6d5dd79d6c98b5e5cdfc2ff9efba043.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы
"Ұйықтап қалған": Қостанай облысында жоғалған бала бір тәуліктен кейін табылды
Жоғалған малды іздеу кезінде адасып кеткен тоғыз жасар баланы іздеуге 200-ден астам адам атсалысты
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен волонтерлер Қостанай облысында далада жоғалып кеткен тоғыз жастағы баланы бір тәулік бойы іздеді. Осы уақыт ішінде жоғалған бала он километр жерді жаяу жүріп өткен.
Кәмелетке толмаған Мейрам Зубков мал бағумен айланысатын ата-анасымен бірге даладағы қоста тұрады, деп хабарлады
polisia.kz."16 маусымда сағат 11 шамасында шаруа ққожалығының аумағынан бір отар қой сыртқа шығып кеткен. Ата-анасы малды іздеуге кіріскен және тоғыз жастағы ұлы олардың жанында болған. Олар баланың басқа бағытқа қарай жүріп, көзден таса болғанын байқамаған", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ата-анасы баланың жоғалып кеткенін түсінгенде оны өз бетінше табуға тырысқан. Бірақ іздеу еш нәтиже бермеген. Сондықтан олар кешкі сағат жетіге қарай баланың жоғалғаны туралы полицияға шағымданған.
"Тез арада баланы іздеуге кірістік. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, ТЖД мамандары мен волонтерлер қатысты. Жақын аймақтағы ауылдардың аумағы, өзен сағалары тексерілді, арнайы техника мен қызметтік-іздеу иттері жұмылдырылды. Сонымен қатар дрон қолданылды", - деп нақтылады өңірлік полицияда.
Іздеу жұмыстары бір сәтке де тоқтатылған жоқ. Нәтижесінде бүгін таңғы сегіз шамасында Мейрам Молокановка ауылынан үш километр жерден табылды. Ол өзі тұратын даладағы қостан он километр жаяу жүріп өткен.
"Ол қосқа қарай бет алғанымен, адасып кеткен. Даламен тоқтаусыз жүріп, сосын ұйықтап қалған. Қазіргі уақытта Мейрам Зубков үйінде, дәрігерлер оны тексерді, баланың жағдайы жақсы", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаменті.
Ал полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков бала жоғалғаны туралы хабарды естіп, жедел түрде полиция мен құтқарушыларға көмекке келген волонтерлерге алғыс білдірді.