Денсаулық

Елімізде алғаш рет баланың жұлынған саусағын реплантациялау бойынша күрделі ота жасалды

© Photo : Пресс-служба Минздрава РКАлматылық дәрігерлер баланың жұлынған саусағын тігіп берді
Алматылық дәрігерлер баланың жұлынған саусағын тігіп берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстанда алғаш рет балаға бірегей микрохирургиялық отаны сәтті жасалды. Алматының №2 қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері баланың жұлынған саусағын сақтап қалды.
Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 жасар бала көше жарақатын алған. Жедел операцияны травматология бөлімінің меңгерушісі Ерлан Садырбалин, микрохирургтер Сергей Косарев пен Александр Смолянкин жасады.
© Photo : Пресс-служба Минздрава РКБаланың саусағы
Врачи Алматы пришили оторванный палец ребенку - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2023
Баланың саусағы
Саусақты сақтап қалу мүмкіндігі өте аз болған. Қазақстанда мұндай операцияларды жасайтын маман тапшы.
"Ота үздіксіз 5 сағатқа созылды. Бұл өте қиын жұмыс. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Операциялық микроскоп арқылы тіндер мен қан тамырларын тігіп, зақымданған саусақ артерияларын, диаметрі өте кішкентай жүйке талшықтарын, сүйек, сіңір, тамырларды, кесілген саусақтағы қан айналымын жалғады", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
© Photo : Пресс-служба Минздрава РКОта үздіксіз 5 сағатқа созылды
Врачи Алматы пришили оторванный палец ребенку - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2023
Ота үздіксіз 5 сағатқа созылды
"Мұндай операцияны жасау үшін заманауи микрохирургиялық құрал-жабдық қажет. Тиісті дайындықсыз, құрал-жабдықсыз мұндай операцияларды жүргізу мүмкін емес", - деді №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Ерлан Садырбалин.
8 күн ішінде бала стационарлық ем алды.
Шымкентте дәрігерлер баланың миынан 10-нан астам құртты алып тастады - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2023
Денсаулық
Шымкентте дәрігерлер он жастағы баланың миынан 10-нан астам құрт алды
Жаңалықтар
0