https://sputnik.kz/20230418/shymkentte-darigerler-kishkentay-balanyn-miynan-qurt-34040167.html
Шымкентте дәрігерлер он жастағы баланың миынан 10-нан астам құрт алды
Шымкентте дәрігерлер он жастағы баланың миынан 10-нан астам құрт алды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Шымкенттік дәрігерлер баланың бас миынан эхинококк кистасын алып тастады. 18.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-18T11:55+0500
2023-04-18T11:55+0500
2023-04-18T11:57+0500
денсаулық
шымкент
дәрігер
бала
ми
құрт
https://sputnik.kz/img/07e7/04/12/34036954_0:479:1201:1154_1920x0_80_0_0_abe434a302700f9bebe617f46c8e03a3.jpg
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Шымкенттік дәрігерлер баланың бас миынан эхинококк кистасын алып тастады. Бала үнемі бас ауруына шағымданып келген. Тексеру нәтижесінде дәрігерлер балалар арасында өте сирек кездесетін ауру - бас миындағы эхинококкоз диагнозын қойды. Баланың миын паразиттер зақымдағаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, бас миынан 10-15-ке жуық таспа құрт алынған. Кистаның ұзындығы 15 сантиметр және ені 10 сантиметрге дейін өсіп үлгерген. Ота 2 сағатқа созылды. Науқас 2 күн жансақтау бөлімінде болып, содан кейін палатаға ауыстырылды. Бір аптадан кейін бала үйіне шығарылды. Қазір дәрігерлердің бақылауында, деп жазады Otyrar. Бас миындағы эхинококкоз – Echinococcus multilocularis және Echinococcus granulosus гельминттерінен туындайтын орталық жүйке жүйесінің паразиттік ауруы. Паразиттер ағзаға лас қол немесе жануарлар арқылы енеді. Эхинококкоз уақытылы емдемелсе, өлімге әкелуі мүмкін.
https://sputnik.kz/20220417/darigerler-dauys-ozgerui-qaterli-isik-belgi-24256900.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/12/34036954_0:366:1201:1266_1920x0_80_0_0_a8494f3beaab02c8613fc49519c9f535.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, дәрігер, бала, ми, құрт
шымкент, дәрігер, бала, ми, құрт
Шымкентте дәрігерлер он жастағы баланың миынан 10-нан астам құрт алды
11:55 18.04.2023 (жаңартылды: 11:57 18.04.2023) АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Шымкенттік дәрігерлер баланың бас миынан эхинококк кистасын алып тастады.
Бала үнемі бас ауруына шағымданып келген. Тексеру нәтижесінде дәрігерлер балалар арасында өте сирек кездесетін ауру - бас миындағы эхинококкоз диагнозын қойды. Баланың миын паразиттер зақымдағаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, бас миынан 10-15-ке жуық таспа құрт алынған. Кистаның ұзындығы 15 сантиметр және ені 10 сантиметрге дейін өсіп үлгерген.
"Сәуірде қалалық клиникалық балалар ауруханасына 10 жасар бала түсті. Балаға жоспарлы ота жасалып, құрт тәрізді киста – эхинококк алынып тасталды. Бұл диагноз МРТ арқылы анықталды. Баланың басы ауырған", - деді қалалық клиникалық балалар ауруханасының нейрохирург дәрігері Самат Көкшікбаев.
Ота 2 сағатқа созылды. Науқас 2 күн жансақтау бөлімінде болып, содан кейін палатаға ауыстырылды. Бір аптадан кейін бала үйіне шығарылды. Қазір дәрігерлердің бақылауында, деп жазады
Otyrar.
Бас миындағы эхинококкоз – Echinococcus multilocularis және Echinococcus granulosus гельминттерінен туындайтын орталық жүйке жүйесінің паразиттік ауруы. Паразиттер ағзаға лас қол немесе жануарлар арқылы енеді. Эхинококкоз уақытылы емдемелсе, өлімге әкелуі мүмкін.