Алматыда 17 жастағы бозбаланы көлік қағып өлтірді

© Sputnik / СтрингерЖедел жәрдем көлігі, архивтегі фото
Жедел жәрдем көлігі, архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Алматыда жол бойында 17 жастағы бозбаланы көлік қағып өлтірді, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 18 сәуірде сағат 19:30-да Абай даңғылында болды. Тойота маркалы автокөліктің 25 жастағы жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден көліктердің арасынан жүгіріп өтпек болған жас жігітті қағып кеткен.
"2007 жылы туған бозбала медициналық мекемеде көз жұмды. Қазіргі таңда полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағымен тергеу басталды. Тиісті сараптамалар жасалады", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та марқұмның құрма сатып жүргені туралы ақпарат тарады. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2022
Алматыда жас қызды көлік қағып кетті – жол апатының видеосы тарады
Жаңалықтар
0