Алматыда жас қызды көлік қағып кетті – жол апатының видеосы тарады

CC0 / / Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Алматыда 20 жастағы қызды көлікпен қағып кету фактісі бойынша тергеу шаралары басталды. Желіде жол апатының видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 28 қыркүйек күні сағат 16:00-дің кезінде Lada көлігінің жүргізушісі Сейфуллин даңғылында жолаушыны қағып өткен. 2002 жылы туған қыз дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Видеода зардап шеккен жолаушының рұқсат етілген жерден өтіп бара жатқаны анық көрінеді.
Қазіргі кезде Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу шараларына кірісіп кетті.
Айта кетері, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша жәбірленушінің денсаулығына келген зиянға қарай тиісті жаза қарастырылған. Жеңіл зиян үшін 40 АЕК (127 200 теңге) көлемінде айыппұл немесе тоғыз айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылады.
Ал жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келсе, қылмыстық жаза бар. Онда 2 000 айлық есептік көрсеткішке (6 360 000 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0