Өңірлер

Шымкентте аудан әкімінің орынбасары ұсталды

© Photo : Pixabay / 4711018Кісен, архивтегі сурет
Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласында аудан әкімінің орынбасары қамауға алынды.
Әкім орынбасарынан бөлек, әкімдіктің бас маманы да тергеуге алынды. Екеуі алдын сөз байласып, кәсіпкерден 60 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Otyrar.kz порталы.
Сол үшін тендер арқылы қаланы абаттандыру келісімшарты бойынша қолдау жасайтынын айтқан. Сот санкциясымен әкімнің орынбасары екі айға қамауға алынды.
Тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары жүргізіп жатыр.
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2023
Шымкентте туберкулезбен ауырған мұғалім сабақ берген – білім басқармасы түсініктеме берді
Жаңалықтар
0