https://sputnik.kz/20230414/shymkentte-tuberkulezben-auyrgan-mugalim-sabaq-bergen--bilim-basqarmasy-tusinikteme-berdi-33918757.html
Шымкентте туберкулезбен ауырған мұғалім сабақ берген – білім басқармасы түсініктеме берді
Шымкентте туберкулезбен ауырған мұғалім сабақ берген – білім басқармасы түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Шымкент қалалық білім басқармасы туберкулезге шалдығып, сабақ берген мұғалімге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik... 14.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-14T09:23+0500
2023-04-14T09:23+0500
2023-04-14T10:47+0500
шымкент
мұғалім
туберкулез
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861288_0:100:3287:1949_1920x0_80_0_0_2d7b2134d78b8d8d5ac71e26dc0887ce.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Шымкент қалалық білім басқармасы туберкулезге шалдығып, сабақ берген мұғалімге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұған дейін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы №33 мектепте туберкулезбен ауырған мұғалімнің оқушыларға сабақ бергенін хабарлаған. Бұл жағдай 11 сәуірде анықталды. Осыған байланысты мектеп дезинфекцияланды. Ал оқушылар бір күнге онлайн форматқа ауыстырылды. Туберкулездің ашық формасымен ауырған мұғалім бастауыш сыныптарға сабақ берген. Шымкент қалалық білім басқармасының мәліметіне сәйкес, ол мұғалім 16 наурызда медициналық тексерістен өткен. Сол кезде флюорография да жасалды. Ал дәрігерлер "созылмалы бронхит" деген диагноз қойды. 7 сәуірде кешкі сағат 20:30-да мұғалім өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырған. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы тексеріс шараларын жалғастырып жатыр. Мектеп мұғалімдері мен оқушылардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Балалардан сынама алынады.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861288_278:0:3009:2048_1920x0_80_0_0_130bf34e3afeab40a99056e8dd555868.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туберкулез, мүғалім, шымкент, дезинфекция
туберкулез, мүғалім, шымкент, дезинфекция
Шымкентте туберкулезбен ауырған мұғалім сабақ берген – білім басқармасы түсініктеме берді
09:23 14.04.2023 (жаңартылды: 10:47 14.04.2023) АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Шымкент қалалық білім басқармасы туберкулезге шалдығып, сабақ берген мұғалімге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы №33 мектепте
туберкулезбен ауырған мұғалімнің оқушыларға сабақ бергенін хабарлаған. Бұл жағдай 11 сәуірде анықталды. Осыған байланысты мектеп дезинфекцияланды. Ал оқушылар бір күнге онлайн форматқа ауыстырылды. Туберкулездің ашық формасымен ауырған мұғалім бастауыш сыныптарға сабақ берген.
Шымкент қалалық білім басқармасының мәліметіне сәйкес, ол мұғалім 16 наурызда медициналық тексерістен өткен. Сол кезде флюорография да жасалды. Ал дәрігерлер "созылмалы бронхит" деген диагноз қойды. 7 сәуірде кешкі сағат 20:30-да мұғалім өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырған.
"Дәрігерлер оны бірден туберкулез диспансеріне алып барды. 8 сәуір, сенбі күні анализдерге талдау жасалды. Соның қорытындысы бойынша туберкулез анықталды.Қазіргі кезде мектепте дезинфекция жасалды", - дейді басқарма мамандары.
Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы тексеріс шараларын жалғастырып жатыр. Мектеп мұғалімдері мен оқушылардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Балалардан сынама алынады.