https://sputnik.kz/20230418/bolat-nazarbaevtyn-avtobazary-zansyz-ashylgan--sot-sheshimi-34048650.html
Болат Назарбаевтың автобазары заңсыз ашылған – сот шешімі
Болат Назарбаевтың автобазары заңсыз ашылған – сот шешімі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Қарасай аудандық соты бірнеше жер учаскесіне қатысты үкім шығарды. Прокурор жердің заңсыз берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды... 18.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-18T14:45+0500
2023-04-18T14:45+0500
2023-04-18T14:45+0500
болат назарбаев
сот шешімі
базар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/09/22654892_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_db25a6ad96ab33e83c6ee26cf0c06cbd.jpg
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Қарасай аудандық соты бірнеше жер учаскесіне қатысты үкім шығарды. Прокурор жердің заңсыз берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұған дейін аудан прокуроры сотқа арыз түсірген. Қадағалаушы органның мәліметіне сәйкес, 2004-2019 жылдары мемлекеттік мекемелер мен Н.-ның арасында жер учаскелерін сатып алу бойынша типтік келісімдер жасалған. Бірақ учаскелердің бәрі ауыл шаруашылығы жерлеріне жатады. Оның барлығы басқа мақсатта пайдаланылған.Сот отырысы кезінде жауап беруші тараптың өкілі прокурордың талабын қанағаттандырмауды сұрады. Себебі арызда тәртіп бұзушылықтың мән-жайы көрсетілмеген. Ал мемлекеттік органдардың өкілдері соңғы шешімді соттың өзі шығарсын деді.Азаматтық істі қарау барысында жерді сатып алу бойынша типтік келісімшарттардың күшін жоюға негіз болатын мән-жайлар анықталды.Айта кетері, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметке сәйкес, Қарасай аудандық сотында қаралған жер учаскелері Қазақстанның экс-президентінің інісі Болат Назарбаевқа тиесілі. Жалпы ауданы 37 гектарды құрайды. Ол жерде "Барыс" автобазары орналасқан.Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20220825/bolat-nazarbaev-qansha-zheri-bar-27016485.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/09/22654892_0:0:1068:801_1920x0_80_0_0_514ffafa7081b28c94da5259d6ae00c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
болат назарбаев барыс автобазар байлық
болат назарбаев барыс автобазар байлық
Болат Назарбаевтың автобазары заңсыз ашылған – сот шешімі
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Қарасай аудандық соты бірнеше жер учаскесіне қатысты үкім шығарды. Прокурор жердің заңсыз берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұған дейін аудан прокуроры сотқа арыз түсірген. Қадағалаушы органның мәліметіне сәйкес, 2004-2019 жылдары мемлекеттік мекемелер мен Н.-ның арасында жер учаскелерін сатып алу бойынша типтік келісімдер жасалған. Бірақ учаскелердің бәрі ауыл шаруашылығы жерлеріне жатады. Оның барлығы басқа мақсатта пайдаланылған.
Сот отырысы кезінде жауап беруші тараптың өкілі прокурордың талабын қанағаттандырмауды сұрады. Себебі арызда тәртіп бұзушылықтың мән-жайы көрсетілмеген. Ал мемлекеттік органдардың өкілдері соңғы шешімді соттың өзі шығарсын деді.
"Н.-ға ауыл шаруашылығы жерлеріне жататын учаскелерді беру кезінде мақсатын өзгерту үшін жер ресурстарын басқару бойынша облыстық басқарма мен орталық мемлекеттік органдардың алдын ала міндетті келісімі алынбаған. Осылайша жер учаскелерін беру тәртібі бұзылды", - делінген сот хабарламасында.
Азаматтық істі қарау барысында жерді сатып алу бойынша типтік келісімшарттардың күшін жоюға негіз болатын мән-жайлар анықталды.
Айта кетері, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметке сәйкес, Қарасай аудандық сотында қаралған жер учаскелері Қазақстанның экс-президентінің інісі Болат Назарбаевқа тиесілі. Жалпы ауданы 37 гектарды құрайды. Ол жерде "Барыс" автобазары орналасқан.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.