https://sputnik.kz/20220825/bolat-nazarbaev-qansha-zheri-bar-27016485.html
Болат Назарбаевтың қанша жері бар екені белгілі болды
Болат Назарбаевтың қанша жері бар екені белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Жер телімдерінің нарықтық бағасы жүздеген миллион доллар тұрады 25.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-25T10:16+0500
2022-08-25T10:16+0500
2022-08-25T10:20+0500
қоғам
жер
болат назарбаев
https://sputnik.kz/img/07e6/02/09/22654897_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_a463019a821b0af825b3f2780e60617b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты, Amanat партиясының мәжілістегі фракциясы жетекшісінің орынбасары Ерлан Сайыров Болат Назарбаевтың меншігінде қанша жер учаскесі барын айтты.Депутат "ығайлар мен сығайлардың" жемқорлық, протекция істерінен сабақ алуға шақырды."Болат Назарбаев деген азамат өткен кезеңде Қаскелең, Талғар, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қалаларында коттедж қалашығы, әкімшілік ғимарат, базар салу үшін 244 гектар тұратын 59 жер телімін алған деген ақпарат бар. Сол кісінің фамилиясына берілген қағаздар менің қолымда", - деп мәлімдеді Сайыров әлеуметтік желідегі парақшасында.Айтуынша, жер телімдерінің нарықтық бағасы жүздеген миллион доллар тұрады."Ал цифрлық даму министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2 миллионнан аса азамат 10 сотық жер ала алмай телміріп жүр. Бұл неткен әлеуметтік әділеттілік? Конституциядағы теңдік принциптері қайда? Осындай әлеуметтік диспропорция халықтың ызасын туғызатыны сөзсіз. Біз түсінуіміз керек, мұндай бұраудың міндетті түрде сұрауы болады", - дейді Amanat партиясының мәжілістегі фракциясы жетекшісінің орынбасары.Сайыров партиялық кеңес аппаратына "Жер аманаты" комиссиясымен бірігіп осы мәселемен терең айналысуға тапсырма берді.Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Болат Назарбаевтың ауруханада жатқан фотосы мен арбада отырған видеосы тараған еді. Белгілі болғандай, ол жеті жылдан бері онкологиялық аурумен күресіп келеді. Биыл тұңғыш президенттің інісі 69 жасқа толды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/09/22654897_150:0:1050:675_1920x0_80_0_0_f14c00fd1087813e19af110c4c354f88.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жер, болат назарбаев
Болат Назарбаевтың қанша жері бар екені белгілі болды
10:16 25.08.2022 (жаңартылды: 10:20 25.08.2022) Жер телімдерінің нарықтық бағасы жүздеген миллион доллар тұрады
НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты, Amanat партиясының мәжілістегі фракциясы жетекшісінің орынбасары Ерлан Сайыров Болат Назарбаевтың меншігінде қанша жер учаскесі барын айтты.
Депутат "ығайлар мен сығайлардың" жемқорлық, протекция істерінен сабақ алуға шақырды.
"Болат Назарбаев деген азамат өткен кезеңде Қаскелең, Талғар, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қалаларында коттедж қалашығы, әкімшілік ғимарат, базар салу үшін 244 гектар тұратын 59 жер телімін алған деген ақпарат бар. Сол кісінің фамилиясына берілген қағаздар менің қолымда", - деп мәлімдеді Сайыров әлеуметтік желідегі
парақшасында.Айтуынша, жер телімдерінің нарықтық бағасы жүздеген миллион доллар тұрады.
"Ал цифрлық даму министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2 миллионнан аса азамат 10 сотық жер ала алмай телміріп жүр. Бұл неткен әлеуметтік әділеттілік? Конституциядағы теңдік принциптері қайда? Осындай әлеуметтік диспропорция халықтың ызасын туғызатыны сөзсіз. Біз түсінуіміз керек, мұндай бұраудың міндетті түрде сұрауы болады", - дейді Amanat партиясының мәжілістегі фракциясы жетекшісінің орынбасары.
Сайыров партиялық кеңес аппаратына "Жер аманаты" комиссиясымен бірігіп осы мәселемен терең айналысуға тапсырма берді.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Болат Назарбаевтың ауруханада жатқан фотосы мен арбада отырған видеосы тараған еді. Белгілі болғандай, ол жеті жылдан бері онкологиялық аурумен күресіп келеді.
Биыл тұңғыш президенттің інісі 69 жасқа толды.