https://sputnik.kz/20230418/astanada-7-aylyq-narestege-bauyr-transplantatsiyasy-zhasaldy-34045224.html
Астанада 7 айлық нәрестеге бауыр трансплантациясы жасалды
Астанада 7 айлық нәрестеге бауыр трансплантациясы жасалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Астанадағы ана мен бала орталығында жеті айлық балаға бауыр трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды University Medical Center... 18.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-18T13:58+0500
2023-04-18T13:58+0500
2023-04-18T13:58+0500
денсаулық
астана
нәресте
бауырын алмастыру
трансплантация
https://sputnik.kz/img/1052/40/10524087_0:95:1008:662_1920x0_80_0_0_57e7ec73f1661876c49a547895b4b608.jpg
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Астанадағы ана мен бала орталығында жеті айлық балаға бауыр трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды University Medical Center баспасөз орталығы.Сәбиге "бауыр циррозы" диагнозы қойылған. Әкесінің анализдері сәйкес келді. Дәрігерлер оған донор болуға рұқсат берген. Бірақ отаның алдында қиындықтар болды. Нәрестенің жағдайы ауырлап, тыныс алуы қиындап тұрған. Сәбидің әкесі Тілеубек басында қобалжыды. Бірақ қорқыныш болған жоқ. "Әлбетте, менің донор болуым мүмкін дегенді естігенде бірден келістім. Қорқыныш сезімі де болған жоқ, ұлымның амандығын ойладым, тіледім. Дегенмен, мұндай жағдайға алғаш рет душар болғандықтан, аздап қобалжыдым. Дәрігерлерге ризашылығымды білдіргім келеді, ұлымды аман алып қалуға барынша көмектесті, бәрін өз уақытымен істеді, операция сәтті өтті. Барлығы үшін рахмет!" - дейді Тілеубек. Операция қаңтар айында жасалған. Оған жапониялық мамандар да қатысқан. Қазақстанда ондай операциялар тегін жасалады. Егер барлық параметр сәйкестігі нақтыланса, туыстық донорлықты жасауға болады. Қазіргі кезде нәресте бір жасқа жақындап қалды. Әкесімен бірге үйіне жіберілді. "Бауыры жұмыс жасап тұр, өзі тыныс алады. Донор болған баланың әкесі де ауруханадан шығарылды", - дейді емдеуші дәрігер Зарип Мұхамедов. Ол 2015 жылдан бері UMC Ана мен бала орталығында осымен 16 рет баланың бауыр ауыстыру операциясын жасап отыр. Айта кетері, ана мен бала орталығында орташа есеппен 2-3 бауыр трансплантациясы және 20 бүйрек трансплантациясы жасалады. Барлығы - туыс донорлар. Алайда туыстарының ағзасы белгілі бір себептермен сәйкес келмейтін балалар да бар. Олар мәйіт донорлығы бойынша кезекте тұр. Бүгінде ана мен бала орталығының күту парағының өзінде 18 бала бауыр трансплантациясына және 30 бала бүйрек трансплантациясына мұқтаж.
https://sputnik.kz/20230418/shymkentte-darigerler-kishkentay-balanyn-miynan-qurt-34040167.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1052/40/10524087_0:0:1008:756_1920x0_80_0_0_3934b17e3d42cf92842c2dd6bc6de85f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, нәресте, бауырын алмастыру, трансплантация
астана, нәресте, бауырын алмастыру, трансплантация
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Астанадағы ана мен бала орталығында жеті айлық балаға бауыр трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды University Medical Center баспасөз орталығы.
Сәбиге "бауыр циррозы" диагнозы қойылған. Әкесінің анализдері сәйкес келді. Дәрігерлер оған донор болуға рұқсат берген. Бірақ отаның алдында қиындықтар болды. Нәрестенің жағдайы ауырлап, тыныс алуы қиындап тұрған.
"Баланың салмағы кішкентай, туғанына жеті ай ғана болды. Тыныс алуы, жалпы жағдайы ауыр еді. Бұл операцияның сәтті өтуі дәрігерлердің ғана емес, әкесінің де үлкен жетістігі десек те болады. Ол еш ойланбастан донор болуға келісті", - дейді дәрігерлер.
Сәбидің әкесі Тілеубек басында қобалжыды. Бірақ қорқыныш болған жоқ.
"Әлбетте, менің донор болуым мүмкін дегенді естігенде бірден келістім. Қорқыныш сезімі де болған жоқ, ұлымның амандығын ойладым, тіледім. Дегенмен, мұндай жағдайға алғаш рет душар болғандықтан, аздап қобалжыдым. Дәрігерлерге ризашылығымды білдіргім келеді, ұлымды аман алып қалуға барынша көмектесті, бәрін өз уақытымен істеді, операция сәтті өтті. Барлығы үшін рахмет!" - дейді Тілеубек.
Операция қаңтар айында жасалған. Оған жапониялық мамандар да қатысқан. Қазақстанда ондай операциялар тегін жасалады. Егер барлық параметр сәйкестігі нақтыланса, туыстық донорлықты жасауға болады.
Қазіргі кезде нәресте бір жасқа жақындап қалды. Әкесімен бірге үйіне жіберілді.
"Бауыры жұмыс жасап тұр, өзі тыныс алады. Донор болған баланың әкесі де ауруханадан шығарылды", - дейді емдеуші дәрігер Зарип Мұхамедов. Ол 2015 жылдан бері UMC Ана мен бала орталығында осымен 16 рет баланың бауыр ауыстыру операциясын жасап отыр.
Айта кетері, ана мен бала орталығында орташа есеппен 2-3 бауыр трансплантациясы және 20 бүйрек трансплантациясы жасалады. Барлығы - туыс донорлар. Алайда туыстарының ағзасы белгілі бір себептермен сәйкес келмейтін балалар да бар. Олар мәйіт донорлығы бойынша кезекте тұр. Бүгінде ана мен бала орталығының күту парағының өзінде 18 бала бауыр трансплантациясына және 30 бала бүйрек трансплантациясына мұқтаж.